Ақбұлақтық атқыш Игорь Дужнов сот отырысында соңғы сөзін айтты
Скриншот
Ақбұлақтық атқыш Игорь Дужнов сот кезінде соңғы сөзін сөйледі. Ол өзін Қазақстан халқын бандиттік олигархиялық жүйенің бұғауынан азат етуші деп санайтынына сенім білдірді.
«Мен елімізде билікті деолигархизациялау үдерісінің басталғанына қуаныштымын. Осының бәрі мені өте қатты жігерлендіреді әрі менің қасіретімнің өтемақысы бола алады. Мен Қазақстан халқының игілігі үшін елімізді қарақшы олигархиялық жүйенің құрсауынан азат ету үшін қандай істі бастағанымды жақсы түсінемін» деп ҚазТАГ Дужновтың сөзін келтірді.
Оның айтуынша, қайғылы оқиғаға отбасының үйін тартып алмақ болған банк жүйесі мен алаяқтар кінәлі.
«Банктер адамдарды құйтырқы шарттармен несие алуға итермелейді. Банктің өзінде нағыз алаяқтар шоғырланып алған. Бар байлықты талан-таражға салып отыр. Бұған дәлел ретінде менің ісім бойынша үйімді сарайдың бағасымен сатып алған Тұрғановтың 72 аукционға қатысуы бола алады. Біз фашистерді жеңген Жеңіс күнін тойлаймыз да, бүгінде оларға қарсы соғысып жатқан адамдарды айыптаймыз. Ешқандай көшіру болмайды деп сенімді түрде айтқанмын, әлі де айтамын. Мен жәбірленушілерді ешқашан жек көрген емеспін. Себебі, олар елді ірітетін жүйенің жемісі» деді Дужнов.
Сондай-ақ, сотталушының айтуынша прокурорлар тергеуді объективті тұрғыдан емес, өздеріне қалай ыңғайлы солай жүргізген.
«Қазақстан – әлемде өз-өзіне қол жұмсау бойынша үшінші орында. Бұған осындай заң қызметкерлерінің сіңірген еңбегі де жоқ емес. Менің отбасым көптеген заңсыз шешімдердің салдарынан жарқын болашаққа деген үмітін үзді. Бірақ, мен өз жанымды аямай, отбасымды, қажет болса, елімді қорғауға әрқашан дайынмын» деді ақбұлақтық атқыш.
Ол бостандыққа шығу үшін барынша күресетінін айтты.
Судья үкім 2022 жылдың 26 сәуірінде шығатынын хабарлады.
Еске салсақ, ақбұлақтық атқыш Игорь Дужнов сот орындаушысын, үйдің жаңа қожайыны мен оның досын, сондай-ақ екі учаскелік инспекторды атып өлтірді деп айыпталып отыр. Қайғылы оқиға 2021 жылы 20 қыркүйекте Алматы қаласында орын алған.
Сотталушы өз кінәсін мойындамады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық