Ақбұлақтық атқыш Игорь Дужновқа сот үкімі шықты
Фото: ашық дереккөзден
Алматыда бес адамды атып, өлтірген Игорь Дужновтың ісі бойынша үкім шықты.
Алматы қалалық сотының судьясы Еркін Майшынов өткен жылдың қыркүйегінде «Ақбұлақ» шағын ауданында жеке сот орындаушысын, екі полиция қызметкерін және екі бейбіт тұрғынды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты үкімді жариялады.
Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.
Еске салсақ, 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Алматының «Ақбұлақ» шағын ауданында 54 жастағы Игорь Дужнов өзін қуып шығуға келгендерге аңшы қаруынан оқ жаудырған. Онда бес адам қаза болды - екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, жаңа үй иесі және оның досы.
Атқыштың әйелі банк олардың мүлкін заңсыз тартып алғанын айтты. Кейін «Банк ЦентрКредит» АҚ қызметкерлері бұл істің мән-жайын анықтады.
2022 жылдың 19 наурызында ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметінің аға прокуроры Шыңғысхан Пұсырманов Дужновтың бес адамды қалай атқанын айтып берді. Тергеу сонымен қатар сотталушы өз ауласында болған адамдарды қабырғаға тізіліп тұруға мәжбүрлеп, кейін атуға кіріскенін анықтады.
Тараптардың дауында мемлекеттік айыптаушы Ақбұлақ атқышын өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Зардап шеккендердің туыстары да прокурорлармен келісіп, Дужновтың әйелі мен қызын қылмыстық жауапкершілікке тартуды, сондай-ақ сотталушымен кездесу мүмкіндігінен айыруды талап етті.
12 сәуір Игорь Дужнов полицияны ұрып-соғып, өз-өзіне қол жұмсамақ болды деп айыптады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық