Ақбұлақтық атқыш екі айға қамауға алынды
Алматы қаласы Ақбұлақ шағынауданында үйіне келген сот шешімін орындаушыларға мылтықпен оқ атқан Игорь Дужнов тергеу сотының шешімімен екі айға қамауға алынды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Алматының ауданаралық мамандандырылған тергеу сотында бес адамды өлтірді деген күдікпен алматылық Игорь Дужновқа қатысты бұлтартпау шарасын қарау процесі басталды.
Прокурор Игорь Дужновқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды сұрады. Бұлтартпау шарасының басталу мерзімі-20 қыркүйектен бастап.
Бірнеше сағат бұрын сотталушының адвокаттары Ашурбеков пен Көшербаев судьяға қарсылық білдірген еді. Қорғаушылардың талабы сотты жабық түрде өткізу. Олар өздерінің талаптарын «клиент пен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігімен»түсіндірді.
Дужнов адвокаттардың сөзіне қосылды.
Судья соттың ашық түрде өтетіні туралы шешім қабылданғанын айтты. Осыдан кейін адвокат судьяға қарсылығын білдірді.
— Мен сіздің бұл шешімді қандай негзіде қабылдағаныңызды түсінбеймін. Мен сіздің істі қарауға қызығушылығыңыздың аз деп санаймын. Осыған байланысты мен қарсылық білдіремін, - деді адвокат.
Қарсылық білдіру мақұлданбады.
Процесс барысында сотталушының көзінің айналасы көгергенін көруге болады. Сот процесінен алынған суреттерді БАҚ-қа жариялауға тыйым салынды.
Алматылық атқыш Игорь Дужнов адамдардың қаза болғанына өкінетінін және ол мұндай жағдайға «заңсыздық пен сот озбырлығы, сот орындаушысының заңсыз әрекеттері» жеткізді деп мәлімдеді.
— Заңсыздық пен сот озбырлығы, сот орындаушысының заңсыз әрекеттері мені осы хәлге жеткізді. Үйімді, отбасымды, балаларымды қорғау кезінде аффекті жағдайда, не істеп жатқанымды түсінбестен осындай әркеттер жасадым. Мен оған өкінемін. Құрметті сот, мен ары қарай қандай да бір айғақтарды айтудан бас тартаманы, мен сөйлей алмаймын, өзімді жаман сезініп тұрмын, — деді Дужнов.
Судья Дужновтан дене жарақатын қайдан және қандай жағдайда алғанын сұрады. Дужнов «ол есімде жоқ» деп жауап берді. Судья прокурорға күдіктінің дене жарақатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді дереу тексеруді тапсырды.
Еске салайық, 20 қыркүйек күні кешкі сағат 17:00-де Ақбұлақта атыс болған. Бес адамды бірдей жер жастандырған күдіктінің есімі Игорь Дужнов. Ол 2011 жылы алған несиесін төлей алмай, кепілдікте тұрған үйінен сот шешімімен босатуы тиіс еді. Сонымен қатар оның Бағанашылда кәсіп жүргізген жылжымайтын мүлкі болған. Кейін үй аукцион арқылы басқа адамға сатылған. Оның жаңа иесі Нұрахмет Тұрғанов екені айтылды. Қолына үкім ұстап келген екі учаскелік полиция мен сот орындаушы және үйдің жаңа иесі мен куә ретінде келген досы сол жерде қаза тапты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық