«Ақбұлақтық атқыш» Дужновтың жазасын қайда өтейтіні белгілі болды
Өмір бойына бас бостандығынан айырылған алматылық Игорь Дужнов Қостанай облысында жазасын өтейтін болды.
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 99-бап, 2-бөлім (екі және одан да көп адамды өлтіру) бойынша өмір бойына бас бостандығынан айрылған Дужновтың осы уақытқа дейін Алматы тергеу изоляторында болғанын хабарлады. ҚАЖК ел аумағында 80 түзеу мекемесі бар екенін атап өтті, олардың біреуі ғана өмір бойына жазаны өтеуге арналған «Қара бүркіт» түрмесі. Дужновтың мерзімін өтейтін мекеме Жітіқара қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан.
Айта кетейік, бұл мекемеде Алматыда террорлық шабуыл жасаған Руслан Күлекбаев және Владислав Челах сияқты жаппай кісі өлтірген қылмескерлер жазасын өтеп жатыр.
Еске салайық, 24 сәуірде сот 54 жастағы «Ақбұлақтық атқыш» Игорь Дужнов екі полицей мен сот орындаушысының, сондай-ақ үйінің жаңа иесі мен куәгердің өліміне кінәлі деп танылған. Ол өмір бойына сотталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық