Ақбұлақта атыс шығарған Игорь Дужновтың әйелі Анаида Демирчян пікір білдірді
Ақбұлақта атыс шығарып, бес адамды жер жастандырған Игорь Дужновтың әйелінің өз айтары бар болып шықты, деп жазады Orda.kz.
Кеше Алматы қаласы Алатау ауданының тұрғыны үйін босатуды талап етіп келген сот орындаушысын, екі учаскелік полицейді және жаңа үй иесін атып тастады. Ақбұлақта атыс шығарып ұсталған Игорь Дужнов пен әйелі Анаида Демирчян бүгін Orda.kz журналистеріне өз пікірін білдірді.

Оқиғаға он жыл бұрын Игорь Дужнов пен әйелі Анаида Демирчян банктен алған несие себеп болған. 2011 жылы жылжымайтын мүліктерін кепілдікке қойған ерлі-зайыптылар қомақты несие алған. Қарыз уақытында қайтарылмағандықтан банк үйді аукцион арқылы Нұрахмет Тұрғановқа сатқан.
Игорь Дужновтың әйелі Анаида Демирчян құқық қорғау органдары уақытында келгенде оқиға бұлай өрбімес еді деген пікірін білдірді.
— Мен айттым, айтамын да... Біз бірнеше рет 102-ге қоңырау шалдық, кезекші прокурор мен 102 уақытында келгенде, барлығы уақытында шешілсе мұндай жағдай болмас еді. Үкімет пен біздің құқық қорғау органдары мұның бәрін тоқтата алатын еді. Бәрі бұлай қайғылы аяқталмайтын еді. Біз оларды көмекке шақырдық, жалындық. Олар тек «кейін қайта хабарласамыз» дей берді. Ең жаманы, біздің құқық қорғаушылар болары болғанда ғана келді. Біз бірнеше рет хабарласып, сот шешімінде кәмелетке толмаған балалар көрсетілмегенін айтқанда, ешкім тыңдағысы да келмеді.Олар тіпті шығаруға келмеді ғой... Себебі, оларға учаскелік полицейлер бәрі заңды, сот шешімімен шығарып жатырмыз деп жауап берген. Олар үш ересек адам мен басқаларын шығару керек деді. Бірақ менің балаларым кәмелетке толмаған ғой. Мен қазір бірдеңе деуге кеш екенін білемін, бірақ балаларымыздың құқығы әлі де қорғалмай жатыр. Барлығы қол қусырып отыр. Сот орындаушылары заңсыз тұрғыда жұмыс істеді. Тек заңсыз емес, өте дөрекі әрекет етті. Бұл да көп нәрсені тоқтатар еді. Біздің арыздарымызды заңсыз дей берді, менің сырқаттанып қалғаным ешкімді қызықтырмады. Екі ай стационарда емделіп жүрмін, барлығының оған түкіргені бар. Кезекші прокурор келіп, бәрін сабырмен, заңды тұрғыда түсіндірсе болар еді. Мұндай ештеңе болмады (масқара). Олар дарбазаны құлата бастағанда, нағыз тозақ басталды, - дейді Демирчян.
Ол сондай-ақ оқиға тез өрбіп, естерін жия алмай қалғандарын айтты.
— Барлығы тез болып кетті. Адамдардың өмірі қиылды. Мен күйеуімді ақтап тұрған жоқпын, бірақ бар білерім: оны шарасыз қалдырды, ол өз балаларын қорғады, не істеп тұрғанын түсінбеді. Мен оны қорғап тұрғам жоқ, бірақ осы жерде оны да түсінуге болады. Ол мықты отағасы, балаларына ешқашан қол тигізбек түгілі дауыс көтерген емес, біз бақытты өмір сүрдік. Шын сүйіп қосылдық. Енді былай болып тұр... Ол бұның бәрін отбасы үшін істеді. Мұның бәрі биліктің арына салдық, ешкім баспанасыз қалатын балаларға көмектескілері келмеді. Заңсыз түрде, себебі сот шешімін өзгерткен. Анау жаңа үйдің иесі өтірік айтады, оның үйді сатып алуға еш құқығы болмады. Біз құқық қорғаушыларды екі сағат күттік, олар тіпті қоңырау шалмады. Мен оларға «балаларымды өлтірейін деп жатыр» деп шарасыздықтан айғайлай бастадым, олар тек «иә,иә, қазір келеміз» дегеннен танбады, - дейді Игорь Дужновтың әйелі.
Анаида Демирчянның айтуынша, барлық құқық қорғау органдарының өкілдері мен прокурор болары болып, бояуы сіңген кезде келген.
— Бірақ болары болған соң мұнда бәрі келді, прокурор да, тергеуші де, барлығы келді( біз шақырып күткендердің барлығы). Өкінішке қарай, біз ештеңе істей алмадық, өз сөзімізді растай алмадық. Банк бізден үйді сырттай қабылданған шешіммен заңсыз тартып алды. Біз оны қайтарып алсақ та, олардың әрекеттері таусылмады. Қазір біздің барлық мүлікті олар нарықтан төмен бағада сатып алып, иемденді. Банк өз өзіне 5 есе арзан бағада сатты. Оны біз жақында білдік. Адвокаттар сотқа қайта арыз жазсын деп жатыр. Бірақ ол мүмкін емес. Себебі, олар уақыт өткізіп, осы сипаттаманы артынан көрсетіп тұр. Ол сырттай жасалған, түрнұсқасы жоқ. Ешкімді хабарландырмай, бәрін сатып тастаған.
Оның үстіне, олар маған кепілгер ретінде қарап, маған (мүлде заңсыз) тағы 20 миллион теңге қарызды іліп қойды. Менің отбасымды, балаларымның физикалық түрде көзін құртпақшы. Қорғайтын күйеуім жоқ, енді не болатынын білмеймін, - дейді Анаида Демирчян.
Жаңалықтар
- Respublica партиясы Құрылтай тізіміне 76 адамын бекітті
- Шымкентте Нұрайдың өлімі бойынша іс прокуратураға өтті, отбасы тергеу қорытындысымен келіспейді
- «Ақ жол» партиясы Құрылтайға 63 кандидат ұсынды
- Бекет ата мешітіне зияратқа аттанып, хабарсыз кеткен үш адам табылды
- Бір күнде 26 су басу жағдайы: Алматы әкімдігі жаңбыр салдарын жоюмен белсенді күресіп жатыр
- Маңғыстауда Бекет ата жерасты мешітіне зиярат етуге кеткен үш адам ізім-ғайым жоғалып кетті
- 17 жастағы Алдияр Аңсат жаңа гроссмейстер атанды
- ҚМДБ Қазақстанның бас мешітіне «Нұрсұлтан мешіті» атауын берді
- ӘЧ-2026: Марокко құрамасы Канаданы жеңіп, ширек финалға шыққан алғашқы команда атанды
- АҚШ пен Иран 11 шілдеде Пәкістанда тағы да бітім тақырыбын қарастырады
- Президент Қазақстан халқын Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады
- Қытай көліктері қымбаттады: ZEEKR құны Cadillac және Lincoln-мен бірдей болды
- Еуропадағы рекордтық ыстық Швейцария мұздықтарын ерітіп жатыр
- Алматының Төле би көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды
- Қарағандыда екі «әлеуметтік қызметкер» 94 жастағы кейуананың миллион теңгесін үптеп кеткен
- Тоқаев Трампты АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады
- Қазақстан делегациясы Ирандағы аятолла Хаменеимен қоштасу рәсіміне қатысты
- Адам өліміне әкелген жарылыстан кейін «Қазмырышқа» миллиондаған айыппұл салынды
- Елімізде Домбыра күніне орай екі мыңнан астам іс-шара өтеді
- Астанада ірі өрт шығып, көліктер мен жанар-жағармай қоймасы өртенді