Ақбұлақтағы атқыштың кәсібін сатылымға кім қойды?

cover Фото: Orda.kz

Ақбұлақтағы атқышқа қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Бұл жолы жаңа мәліметтер Игорь Дужновтар отбасының кәсібіне қатысты. Крыша сайтында Дужновтардың кепілге қойған мүлігіне өте ұқсас үй мен жер телімін сату туралы жарнама орналастырылды.

Мәселе Бағанашыл ықшамауданындағы кәсіп туралы болмақ. Ғимарат пен жер учаскесі, дәлірек айтқанда «Золотое руно» салоны мен азық-түлік дүкені Ақбұлақтағы үй сияқты қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін еді. Өйткені, бұл ғимараттар да сотта қаралып жатыр.

Фото: Orda.kz

Сипаттамасы

Қайғылы оқиғадан кейін Банк ЦентрКредит журналистердің сұрақтарына жауап беруге тырысып, пресс-релиз жариялаған болатын. Төменде Бағанашылдағы кепілге қойылған кәсіптің сипаттамасы туралы хабарлама ұсынылған.

– Банк кепілдікке берген тұрғын емес үй-жайларға қатысты, 2017 жылдың наурызында әлеуетті сатып алушылардың болмауына байланысты бірінші электронды сот саудасы өтпеді. 2017 жылдың 18 сәуірінде қайталама электронды сот аукционы өтті. Сатып алушылардың болмауына және жүргізілген сот сауда-саттығының нәтижесінде жоғарыда аталған мүлік аукцион шеңберінде 96 млн теңгеге аукцион аяқталғаннан кейін банктің меншігіне өтті.

Ұзақ уақыт бойы банк тұрғын емес үй-жайларға меншік құқығын тіркей алмады. Өйткені бұрынғы меншік иесі жер комитеті мен банктің қызметкерлеріне жерге орналастыру жобасы бойынша жұмыс жүргізуге және техникалық паспорт дайындауға рұқсат бермеді.

Шындығында, банк 2021 жылдың мамырында меншік құқығын тіркеді. Сәйкесінше, 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін банк тұрғын емес мүлікті шығарған жоқ және 2021 жылдың шілдесінде Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына жер телімі бар тұрғын емес үй-жайларды пайдалануға кедергілерді жоюға мәжбүрлеу туралы талап арыз берді, - делінген хабарламада.

Крышада сатылымға қойылған объектінің бағасы 485 млн теңгеге бағаланып, сипаттамада оның жеңілдікпен берілетіні көрсетілген. Айта кетсек, қазір жарнама алынып тасталынған.

– Экологиялық таза аймақта орналасқан элиталық медициналық-сауықтыру орталығы сатылады. ЦЕНТР-жеке ғимараты 2006 жылы жоғары беріктігі бар материалдардан жеке жоба бойынша салынған, жалпы ауданы 480 шаршы метр, өзінің 6 сотық жері бар (барлығы 12, 7сот.) Барлық коммуникация, 3 фаза, 100 кВт бар. Орталық өз клиенттеріне өмірді ұзартуға, әл-ауқат пен келбетті жақсартуға көмектесетін қызметтердің толық спектрін ұсынады. Орталықтың артықшылықтары: -қолайлы орналасуы; -экологиялық таза аймақ; -тәулік бойы қол жетімділік; -жеке автотұрақ; - кең аумақтар, кеңею мүмкіндігі бар; - үй-жайларды пайдаланудың әмбебаптығы. Даму перспективалары. Денсаулық сақтау туризмін, дене шынықтыру мен сауықтыру қызметін дамыту. Біз бүкіл кешенді тек отбасылық себептермен сатамыз. Кешеннің стратегиялық тиімді орналасуы және оның әмбебаптығы оны эксклюзивті және тез өтеуге мүмкіндік береді. Бағасы - 344 000 000 теңге. Капитал құрылымы барлық ҚНжЕ мен ГОСТ-қа сәйкес келеді, сейсмикалық төзімділігі жоғары және экологиялық таза. Аналогтары жоқ, - делінген сипаттамада.

Сипаттамада желдету, өрттен қорғау және дабыл жүйесі бар делінген. Ішкі әрлеу жобалау жобасына сәйкес жасалған. Ғимаратқа жұмыс істеп тұрған кәсіп бекітілген: сауықтыру орталығы, сұлулық салоны, массаж салоны, сауна, конференц-зал, оқу орталығы.

Кімнің мүлкі?

Еске салсақ, BankCentreCredit 96 млн-ға қарыз есебінен жылжымайтын мүлікті алған.

Осы орайда, қазір Бағанашылдағы жер телімі бар жылжымайтын мүлікті кім сатылымға қойды деген сұрақ туындайды. Бұрынғы иелері ме, әлде жаңа иелері ме, әлде банк пе? Анайда Демирчянның Крышада «тиімді» ұсынысы болған екен. Ол жылжымайтын мүлік компаниясына делдал болу туралы өтінішпен келген.

Фото: Orda.kz

Анықталғандай, компания бір жыл бойы меншік иесінің қалауы бойынша бағаны көтеріп, мүлікті сатуға тырысқан. Риэлторлар жылжымайтын мүлік кепілге қойылғанын білген. Құжаттарды көрсе де, оларда ешқандай сұрақтар туындамаған, өйткені қазір бұл қалыпты жағдай.

Дегенмен сатып алушы табылып қалса, олар банкке қол ұстасып, тату болып баратын еді. Сатып алушы Демирчянның қарызын төлеп, несиені өтеп, делдал компания өз пайызын алып, ал сатып алушы 10 жыл бойы проблемалы болып тіркелген таза жылжымайтын мүлікті сатып алады.

Бүгін банк Бағанашылдағы жылжымайтын мүлікпен байланысты бұл даулы оқиғаға қатысты түсініктеме берді:

ЦентрКредит бұл хабарландыруды орналастырмаған. Анықталғандай, банк «Крышаға» жарнама орналастырған агенттікпен байланыса алмаған.

– Біз сот болып жатқандықтан, нысандарға қол жеткізе алмаймыз, - деді банк қызметкері.

Мүлік банктіке ме?

Сонда банк мүлікті иемденіп алды ма, жоқ па? Үй иесі жұмыс істеп тұрған сұлулық салон мен ғимаратты бір жыл бойы өз бетінше сатуға тырысқан. Дужновтардың отбасылық досы Елена Винокурованың айтуынша, отбасылық кәсіпті бастау үшін олар несие алған. Несиеге алынған ақшаға олар автокөлік резеңкесін сатып алып, оны тез сатып тастаған. Артынша барлық қарыздарынан құтылып, Бағанашылда сұлулық салонын салған. Анаида өз арманын орындап, Италияға барып, шаштараз шеберлігін үйреніп, клиенттерге қызмет көрсете бастаған.

Еленаның айтуынша, олардың қиындықтары кәсіп Анайдтың күйеуі Игорь Дужновтың қолына өткенде басталған. Ол ондаған миллион қарыз алған. Бірақ ешкім оның ақшаны қайда салғанын білмеген.

Төменде отбасының тек тіркелген қарыздары көрсетілген.

Еске салсақ, 20 қыркүйек күні кешке жекеменшік үйлердің бірінде көшіру туралы сот шешімі орындалуы керек еді. Алайда алматылық 54 жастағы тұрғын оқ жаудырған. Бес адам - ​​сот орындаушысы, екі учаскелік полиция қызметкері, үйдің жаңа қожайыны және оның досы ауыр жарақат алып, қайтыс болды. Оқ атқан адам қылмыс орнында ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды.

Авторы: Александр Смолин

Аударған: Айнура Дарибаева

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар