Ақбұлақ атқышының қолынан қаза болған полицейлер туралы
20 қыркүйекте сот орындаушылары үйінен шығару барысында 54 жастағы алматылық азамат бес адамды атып тастады, оның ішінде екеуі полиция қызметкерлері еді.
Оның бірі - полиция майоры Дархан Сүлеев Ішкі істер органдарында 18 жыл қызмет еткен. Оның артында бес баласы қалды.
Екіншісі - полиция капитаны Нұрбол Байғазиев жеті жыл қызмет еткен. Оның артында екі баласы қалды.
— Олар қызметтерін жақсы атқарды, бірнеше рет көтермеленді, әлеуметтік желілердегі парақшаларда тұрғындар олар туралы әрқашан оң пікір қалдырды, шағымдар болған жоқ, - дейді полиция.
Сонымен қатар Алматы қалалық ІІД бастығы Қанат Таймерденов қазір ведомствоаралық тергеу - жедел тобы Ақбұлақ ықшам ауданында учаскелік полиция қызметкерлерінің қызметтік қару қолданбау себебін анықтауы тиіс екенін айтты.
— Қызметтік қару қолданылмады. Енді ведомствоаралық тергеу -жедел тобы тергеу кезінде осының бәрін толық зерттейтін болады. Бірақ біз, ең алдымен, азаматтардың қауіпсіздігіне назар аударамыз. Оның үстіне кәмелетке толмаған балалар болды, мүмкін жаралап алу қаупі болған шығар. Дәл қазір біз мұны айта алмаймыз, - деді Таймерденов брифингте.
Бесінші қаза болған адамның үйді электронды аукционнан сатып алған жаңа иесінің досы екендігі айтылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық