Ақан Сатаевтың бір сценарийінің құны 67 млн тұрады
Ақан Сатаевтың Серік Сәпиев туралы «Боксшы» фильмі бюджеті 800 млн теңгеге шықты. Оның тек 67,5 млн теңгесі сценарийге жұмсалған.
2019 жылдың көктемінде ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы алғашқы киножобалар байқауына қатысуға өтінім қабылдады. Нәтижесінде SATAI FILM компаниясының «Боксшы» киножобасы бюджеттік қаржыландыруға ие болды.
Айта кетерлігі, байқау жобалары киноны қолдау мемлекеттік ұлттық орталығында Гүлнәр Сәрсенова төрайым болған уақытта таңдалды. Кейін оны аса ірі көлемде пара алды, орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойды деп айыптады.
«Боксшы» фильмінің бастапқы бюджеті 500 млн теңге болды. Бірақ пандемия кезінде компания тағы 300 млн теңге сұрады. Нәтижесінде Серік Сәпиев туралы фильмге мемлекет 800 млн теңге жұмсады.
Satai FILMS пен ұлттық киноның мемлекеттік қолдау орталығы шығындардың толық сметасын көрсету туралы ORDA. редакциясының сұрауына жауап беруден бас тартты. Олар бас тартудың себебі ретінде - продюсерлердің, сценаристердің және басқа да фильмге қатысы бар тұлғалардың жеке гонорарлары туралы ақпарат құпия болуы тиіс екендігін айтты.
Фильм бюджетінің қомақтылығы Лондон, Пекин, Баку, Милан және Мьянмада өткен түсіру жұмыстарына байланысты деп сендірді.
ORDA. редакциясын картинаның құны ғана емес, чемпион туралы толық метражды фильм сценарийіне бөлінген 67,5 млн теңге де қызықтырады.
Біз адам тарихына негізделген толық метражды фильмдердің сценарийлері қанша тұратынын іздестірдік. Ресейлік сценарист осындай материал үшін 4,5 млн теңге сұрады, ал қазақстандық сценарист бар болғаны 2 млн теңге сұрады.
Жыл сайын қазақстандық киноға миллиардтаған қаржы бөлінеді
- «Томирис» (2019) - 3,8 млрд теңге. Кассалық алымдар 600 млн теңгеге жуық;
- «Көшбасшы жолы» (2018) – 2 млрд теңгеден астам. Кассалық алымдар 4 млн теңгеден астам;
- «Ликвидатор» (2011) - 352 млн теңге. Кассалық алымдар 55 млн теңгеден астам.
SATAI FILMS компаниясы фильмнің түсірілімі аяқталғанын хабарлады.
Авторы: Карина Закарина
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық