99 жастағы соғыс ардагерін абайсызда қағып кеткен қыз бала оны ауруханаға жеткізді
Фото: Qazaqstan Media
Петропавлда 99 жастағы соғыс ардагерін 10 жастағы қыз бала абайсызда қағып кетіп, салдарынан ардагер құлап, жамбас сүйегін сындырып алған, деп хабарлайды Orda.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ардагер Василий Макиенко қазіргі таңда облыстық аурухананың травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.
«Тексеру нәтижесінде жамбас сүйегінің сынғаны анықталды, алайда сүйек ығыспаған. Науқастың жағдайы – орташа ауыр. Оған ота қажет емес, емдеу стационарда жалғасады», – дейді дәрігерлер.
Qazaqstan Media ақпараты бойынша, 99 жастағы Василий Макиенко – өңірде тұратын үш соғыс ардагерінің бірі. Оқиға ардагер құстарға жем беру үшін Ғабит Мүсірепов ескерткішіне бет алған сәтте болған.
«Қыз шамамен 9-10 жаста. Ол құрбысына қарай жүгіріп келе жатқан. Бейнебақылау камераларынан оның қарт адаммен иығы соқтығысып, ол кісінің құлап түскені анық көрінеді. Қыз тоқтамастан әрі қарай жүгіріп кеткен, көмектеспеген. Атам жерде жатып қалған, жамбасы сынған», – дейді ардагердің немересі Олеся Цоль.
Ардагер өз бетімен тұра алмаған. Оны жолда өтіп бара жатқан көлік жүргізушілері байқап, дереу көмек көрсеткен.
«Атам күн сайын серуендейтін. Енді бір ай бойы аяғынан тұра алмайды. Өмірінде талай қиындықты бастан өткерген адам. Біз оның бұл сынақтан да сүрінбей өтетініне сенеміз», – дейді немересі Олеся.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық