94 мыңнан астам бос жұмыс орындар бар
Фото: Gov.kz
Маусым айында жұмыс берушілер электрондық еңбек биржасында 94 мыңнан астам бос жұмыс орнын жариялады.
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
«2024 жылдың маусым айында жұмыс берушілер Enbek.kz электронды еңбек биржасында 94,4 мың бос жұмыс орнын орналастырса, жұмыс іздеушілер 88,9 мың түйіндеме жіберді. Мамыр айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 8,6 мың бірлікке өсті (+10%), ал түйіндеме 9,6 мың бірлікке азайды (-9,7%)» делінген хаттамада.
Бос жұмыс орындарының жалпы санының өсуіне қарамастан, фермерлерге, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және көлік қызметкерлеріне сұраныстың аздап төмендеуі байқалды. Ұсыныс жағынан ауыл шаруашылығы жұмысшылары мен өңдеуші сектор операторларының түйіндемелерінің саны төмендеді. Бұл ретте біліктілік бойынша сұраныс құрылымы өзгеріссіз қалды. Жартылай білікті жұмысшылар ең көп сұранысқа ие болды (32,8 мың бос жұмыс орны немесе 37%).
«Маусым айында еңбек нарығында білім беру (18,4 мың бос жұмыс орны), басқа қызмет түрлері (16,4 мың бос жұмыс орны), денсаулық сақтау (8,9 мың бос жұмыс орны) және құрылыс (8,5 мың) салаларындағы ұйымдар жоғары белсенділік танытты. Олар барлық жарияланған бос жұмыс орындарының жартысынан астамын құрады» деді министірлік.
Өңірлер бойынша Атырау (7 мың) және Жамбыл (6,7 мың бос жұмыс орны) облыстарының, сондай-ақ Астана (6,7 мың) және Алматы (6,2 мың бос жұмыс орны) қалаларының жұмыс берушілері жоғары белсенділік танытты. Бұл ретте, өткен аймен салыстырғанда Алматы және Атырау облыстары бос жұмыс орындарының екі есе өскенін көрсетсе, Астана мен Батыс Қазақстан облысында сұраныс керісінше төмендеді (тиісінше 13%-ға және 16%-ға).
«Түйіндемелер санының өсуі тек екі облыста Шымкентте 240 түйіндеме және Атырау облысында 58 түйіндеме. Өтініш берушілердің белсенділігі негізінен Батыс Қазақстан 30% немесе 1,6 мың түйіндеме, Түркістан 20% немесе 2,4 мың түйіндеме және Солтүстік Қазақстан облысында 19% немесе 450 бос жұмыс орнын құрайды» деп хабарлады құзырлы орган.
Маусым айында білікті мамандар арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтар автокөлік жүргізушілері (1,7 мың бос орын), медбикелер (1,6 мың бос орын) және мұғалімдер (1,5 мың бос орын) болды. Бұл ретте PR менеджерлеріне (+1,2 мың бос орын), кеңсе қызметкерлеріне (+948 бос орын) және автоматтандыру инженерлеріне (+235 бос орын) сұраныс артты.
«Маусым айында жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны бас құрылысшыларға орта есеппен 662 мың теңгеден, тоннельшілерге 612 мың теңге, сондай-ақ IT қосымшаларын әзірлеушілерге 563 мың теңге ұсынды. Өтініш берушілер тарапынан, басшылық лауазымдарға үміткерлерден басқа, ұшқыштар орта есеппен 1 млн. теңгеден, кеме капитандары 933 мың теңге және коммерциялық кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелері басшылары қалаған ең жоғары 920 мың теңге жалақы сұрады» деді министірлік.
Жаңалықтар
- Алматыда бір тәулікте 2 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды
- «Дайвинчик»: Танысуға арналған танымал Telegram-ботына сот арқылы тыйым салынды
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 280-нен асты
- Ауғанстанда 2,4 миллион қыз орта білім ала алмай отыр
- Ақтөбеде мұғалім әйел алаяқтық күдігімен ұсталды
- Күннің тұтылуын тамашалаған Германия халқы көз ауруына шағымданды
- Қазақстанда 276 мыңнан астам вейп тәркіленді
- Тәшиев 2027 жылы президент болуы мүмкін еді: Жапаров өз жоспарын ашып айтты
- Дастан Сәтбаевтың бейнесі АПЛ-дың ресми сайтына қосылды: Ол «Челсиде» қала ма?
- Тағы бір жоғары лауазымды полицей Таразда ұсталды
- Нұрай Серікбайдың өлімі бойынша сот үкімі шықты: Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілді
- Телефоны мен Telegram-ды тексерген: Әнші Нұрбек Айқынбаев Алматы полицейлеріне шағымданды
- Динара Сәтжан мен Баян Алагөзова туралы даулы пікір айтқан Бағдагүл емшіге сот үкімі шықты
- ІІМ қазақстандықтардың жеке деректері сатылды деген ақпаратқа өз жауабын берді
- Қазақстан президенті АҚШ-та өтетін G20 саммитіне қатысады
- Бұрынғы әйелінің бетіне қышқыл шашып күйдіріп, қашып кеткен адам ұсталды
- Қазақстанда Telegram неге істемей қалды? Цифрлық даму министрлігі мен «Қазақтелеком» түсіндірді
- Күннің толық тұтылуы: Астрономиялық құбылысты бірнеше ел тамашалады
- Науқас отадан кейін ішінде қалған дәкемен екі ай қиналып жүрген
- Жалған қажылық ұйымдастырып, жұрттан 60 млн теңге жинап алғандар сотталды