92 жастағы кейуана перзенттерін сотқа берді
Фото: abai.kz
Ақтөбе соты 9 бала туып, қараусыз қалған кейуананың балаларына қатысты арызы бойынша азаматтық істі қарады.
92 жастағы тоғыз баланың анасы сегіз айыпталушыдан, яғни өзінің туып өсірген балаларынан өзін күтіп-бағу үшін алимент өндіру туралы сотқа шағым түсірді. Батыр ана жасына байланысты көптеген созылмалы ауруларға шалдығуы салдарынан және еш жәрдемсіз қалғаны себепті осындай шешімге барған.
«Істің мән-жайына сәйкес, талапкер жауапкерлердің туған анасы болып келеді. Кейуана өзінің талап арызында қазіргі уақытта кенже қызы З-ның өзімен бірге тұратынын және материалдық жағынан көмектесетінін мәлімдеген. Осыған байланысты ол соттан қалған сегіз жауапкер, яғни туған перзенттерінен алимент өндіруді сұрайды», деп хабарлады Ақтөбе сотының баспасөз қызметі.
Сотта 92 жастағы ақтөбелік кейуананың кенже қызы қарт анасына қамқорлық көрсеткенін дәлелдегені айтылды. Азаматтық іс материалдарына дәлелдемелер қосылды.
«Істі қарау барысында талапкер балаларының оған қарамайтынын, тіпті есігін де ашпайтынын, оларды алты жылдан бері көрмегенін айтты. Дегенмен жауапкерлердің кенже қыз олардың анасымен кездесуі үшін үйге кіргізбейді деген уәжін сот есепке алмады. Өйткені бұл туралы дәлелдер келтірілмеген. Сонымен бірге, сот мұны мүгедек ата-ананы асырау жөніндегі міндеттемеден жалтару тәсілінің бірі ретінде қарастырды» делінген сот хабарламасында.
Сот талапкердің өз балаларынан алимент өндіруге құқығы бар екенін, бірақ олардың төртеуі зейнеткерлік жасқа жеткенін және алимент өндіріп алуға жатпайтын мүгедектігі барын ескерген.
«Азаматтық кодекстің 145-бабының 3 және 4-тармақтарының ережелерін ескере отырып, төрт жауапкерден талапкер күтіміне алимент істі қарау кезінде қолданыста болған 7 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндірілді. Сот сонымен қатар кейбірінің асырауында мүгедек және кәмелетке толмаған балаларының болуын ескерді», деп мәлімдеді Ақтөбе сотының баспасөз қызметі.
Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып: төрт жауапкерден анасының пайдасына: асырап-бағу үшін 7 АЕК (25 844 теңге) көлемінде алимент өндірілді.
Жаңалықтар
- Иран Орталық Азия еліне әскери ескерту жасады
- Қазақ салтындағы бала асырап алу дәстүрі
- Тоқаевқа референдум нәтижесіне орай тағы құттықтау жеделхаттары келіп түсті
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы