90 адамның мойнына 406 млн қарыз ілген ақтөбелік бақсы ұсталды
Фото: Ардақ Ерубаева
Ақтөбеде гипноз жасау арқылы 90 адамды алдап, жалпы көлемі 406 млн теңге несие алғызған халық емшісінің соты басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін Ақтөбе қалалық сотында танымал емші Сұлушаш Қазбаеваға айыптау актісі оқылды. Ол «алаяқтық», яғни 190-бабтың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша айыпталды. Ол емделуге келген адамдардың сеніміне кіріп, мешіт салатынын, бауырларына көмек көрсететінін, қызының еміне шұғыл ақша керегін айтып, гипноз жасап, несиеге ақша алғызған.
Сотталушы 2018 жылдың қараша айынан бастап 2024 жылдың желтоқсан айына дейін өзін ҚР және дүниежүзінің құрметті ардагерлер кәсіби емшісі және шығыс халық медицина магистрі екенін пайдаланып, қазақы ем жасап отырған. Тұрғындарды Ақтөбе қаласы Жүргенов көшесіндегі тұрғылықты мекенжайында арнайы ем жасауға арналған кеңсесінде «емдеген».
«Қазбаева ем алуға келген азаматтардың көп екенін ескеріп, қасақана, тікелей пайдаға кенелу ниетімен алаяқтық жасады. Яғни, екі немесе одан да көп адамға қатысты бірнеше рет бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау жолымен бөтеннің мүлкін иемдену сынды алаяқтық жасау арқылы оңай табыс табу туралы жоспарлады. Өз ойын жүзеге асыру мақсатында пайдакүнемдік ниетте өзіне ем алуға келгендерге өзінің қайтыс болған егіз інісінің атына Әйтеке би ауданы Ақкөл ауылында мешіт саламын деп сонымен қатар өзінің кәмелет жасқа толмаған қызының диабет ауруына байланысты Түркия еліне апаруға, сонымен бірге өзінің медициналық мекеме ретінде жеке кәсібін ашып, дамытуға ақша жетпей жатқанын сылтауратып, өзіне ем алуға келген тұтынушыларға әртүрлі банктен несие алып беруін өтініп, алып берген несиені 2 ай ішінде толық жауып бере алатын мүмкіндігі бар екенін айтып сендірді», — деді прокурор.
Осылайша алданған 90 жәбірленушінің ісі 25 том болған. Жалпы шығын көлемі — 406 094 345 теңге.
Сұлушаш Қазбаева — Ақтөбе қаласының тумасы, 51 жаста. Тұрмыста, екі қызы бар. Сотта өзін 30 жылдан бері Қазақстанның халық емшісімін деп таныстырды, білімі жоғары. Сонымен қатар, ол 1994 жылдан бастап, салық төлеп отырған жеке кәсіпкер екенін айтты. Сондай-ақ, сотталушы жабық соттың болуын сұрағанымен судья істің ашық қаралатынын түсіндірді. Қазіргі уақытта, сот отырысы өтіп жатыр. Алдағы уақытта сотталушыдан және 90 жәбірленушіден жауап алынады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық