90 адамның мойнына 406 млн қарыз ілген ақтөбелік бақсы ұсталды
Фото: Ардақ Ерубаева
Ақтөбеде гипноз жасау арқылы 90 адамды алдап, жалпы көлемі 406 млн теңге несие алғызған халық емшісінің соты басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін Ақтөбе қалалық сотында танымал емші Сұлушаш Қазбаеваға айыптау актісі оқылды. Ол «алаяқтық», яғни 190-бабтың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша айыпталды. Ол емделуге келген адамдардың сеніміне кіріп, мешіт салатынын, бауырларына көмек көрсететінін, қызының еміне шұғыл ақша керегін айтып, гипноз жасап, несиеге ақша алғызған.
Сотталушы 2018 жылдың қараша айынан бастап 2024 жылдың желтоқсан айына дейін өзін ҚР және дүниежүзінің құрметті ардагерлер кәсіби емшісі және шығыс халық медицина магистрі екенін пайдаланып, қазақы ем жасап отырған. Тұрғындарды Ақтөбе қаласы Жүргенов көшесіндегі тұрғылықты мекенжайында арнайы ем жасауға арналған кеңсесінде «емдеген».
«Қазбаева ем алуға келген азаматтардың көп екенін ескеріп, қасақана, тікелей пайдаға кенелу ниетімен алаяқтық жасады. Яғни, екі немесе одан да көп адамға қатысты бірнеше рет бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау жолымен бөтеннің мүлкін иемдену сынды алаяқтық жасау арқылы оңай табыс табу туралы жоспарлады. Өз ойын жүзеге асыру мақсатында пайдакүнемдік ниетте өзіне ем алуға келгендерге өзінің қайтыс болған егіз інісінің атына Әйтеке би ауданы Ақкөл ауылында мешіт саламын деп сонымен қатар өзінің кәмелет жасқа толмаған қызының диабет ауруына байланысты Түркия еліне апаруға, сонымен бірге өзінің медициналық мекеме ретінде жеке кәсібін ашып, дамытуға ақша жетпей жатқанын сылтауратып, өзіне ем алуға келген тұтынушыларға әртүрлі банктен несие алып беруін өтініп, алып берген несиені 2 ай ішінде толық жауып бере алатын мүмкіндігі бар екенін айтып сендірді», — деді прокурор.
Осылайша алданған 90 жәбірленушінің ісі 25 том болған. Жалпы шығын көлемі — 406 094 345 теңге.
Сұлушаш Қазбаева — Ақтөбе қаласының тумасы, 51 жаста. Тұрмыста, екі қызы бар. Сотта өзін 30 жылдан бері Қазақстанның халық емшісімін деп таныстырды, білімі жоғары. Сонымен қатар, ол 1994 жылдан бастап, салық төлеп отырған жеке кәсіпкер екенін айтты. Сондай-ақ, сотталушы жабық соттың болуын сұрағанымен судья істің ашық қаралатынын түсіндірді. Қазіргі уақытта, сот отырысы өтіп жатыр. Алдағы уақытта сотталушыдан және 90 жәбірленушіден жауап алынады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады
- Дәрігерлер әйелден салмағы алты келіден асатын ісікті алды
- Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге зейнетақы береді
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін