9 жыл бұрын елордалық студентті өлтіргендердің тағдыры туралы не белгілі?
Фото: ашық дереккөзден
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 2016 жылы елордадағы жоғары оқу орнының студенті Ерасыл Әубәкіровті өлтіргені үшін сотталғандардың тағдыры туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Orda.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
2016 жылдың қазан айында Ерасыл Әубәкіровті өлтіргендерге үкім шыққан. Сотталушы Нұрбек Әжімбай 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Андрей Тихоненко 16 жыл арқалады және Виталий Шерстенев 11 жылға сотталды.
«Бұл сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемелерінде сот тағайындаған жазаларын өтеп жатыр», деп хабарлады ҚАЖК.
Алайда кісі өлтірген қылмыскерлердің нақты қай түрмеде екені айтылмады.
«Сотталғандардың жазасын өтеу орны туралы ақпарат қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жақын туыстарына ғана айтылады», деп толықтырды ведомство.
ҚАЖК-нің жауабынан тұтқындардың ешқайсысы шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықпағаны белгілі болды. Үкімге сәйкес, Нұрбек Әжімбай 2036 жылы бостандыққа шығуы тиіс. Егер шешім өзгертілмесе, Андрей Тихоненко 2032 жылға дейін, Виталий Шерстенев 2027 жылға дейін жазасын өтейді.
Еске салайық, 2016 жылдың ақпан айының басында Астанада Медицина университетінің алтыншы курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров жоғалып кетті. 10 ақпанда жас жігіттің денесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық іздері бар еді.
Сол жылы 7 қыркүйекте Астанада осы іс бойынша сот процесі басталды. 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровты өлтірді деген айыппен үш адам сотталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық