9 жасар Маликаның ісі алға жылжыды
Коллаж Orda.kz
Алматы облысы Абай ауылының тұрғыны Үрзия Құрбаниязованың 9 жасар қызы Маликаға қатысты іс алға жылжыды.
Бұл туралы Orda.kz тілшісі хабарлады.
Тұрғын үйлер аумағында салынып жатқан төрт қабатты жатақхананың кәріз құдығына құлап кетіп, мүгедек болып қалған 9 жасар Малика туралы Orda.kz тілшісі зерттеу жүргізген болатын.
Нәтижесінде Маликаға қатысты материал жарыққа шыққан соң іс алға жылжыды. Қазіргі таңда тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді. Күдікті деп танылған құрылысқа жауапты құрылысшы сот шешімімен үйқамаққа алынды. Ал 2 жыл бойы бизнесін гүлдендіріп Маликаның еміне не көмек бермеген, не анасымен адамша сөйлеспеген, тек қорқытып-үркітумен айналысқан жатақхана иесі Анар Тындыбекова істе тек куәгер ретінде танылған екен. Қорғаушы Инга Иманбай жатақхана иесі де құрылысқа жауапты адаммен бірдей істі болуы керек екендігін айтқан болатын.
«Менің қорғауымдағы үлкендердің салғырттығынан 1 топтағы мүгедек болып қалған Маликаның ісі алға жылжи бастады. Тергеу 2 жыл бойы тоқтап, күдіктілер бостандықта жүрді. Бір ай бұрын істі мен заңгер ретінде қолға алып, тергеу барысымен таныстым. Баспасөз мәжілісін жасап, қоғам назарын аударғалы біраз жұмыс атқарылды. Бұл үлкен резонанс Бала құқығы жөніндегі Уәкіл Динара Зәкиеваға да жетті. Енді осы жасалған еңбек зая кетпей, жауаптылар тиісті жазасын алады деп үміттенеміз», — деді қорғаушы.
Сонымен қатар, Инга Иманбай Маликаның еміне қатысты материалдық және моральдық шығынды өтеу үшін азаматтық іс қозғайтындығын айтты.
Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желіде істі өз бақылауына алғанын жазды.
«Қазіргі таңда, бұл іс бойынша ІІМ-мен және прокуратурамен бірлесіп жумыс істеп жатырмыз. Өтініш жолдадық. Алматы облысының полиция департаментімен,қорғаушы Инга Иманбаймен байланыстамыз. Істі егжей-тегжейілі талқыладық. Әрине, әділдікке қол жеткізуіміз керек. Сот әділ шешім шығарады деп ойлаймын. Сонымен қатар, қорғаушымен Маликаның ары қарайғы ем-шарасы мен операция мәселесімен де айналысамыз деп келістік»,— деді балалар омбудсмені.
Істің алдағы уақытта қалай өрбитіні Orda.kz назарында болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық