9 жасар қыздан жын шығармақшы болған күзетші
фото:бейнеден кадр
Әлеуметтік желіде өзін «молдамын» деп 9 жасар қыздан жын шығарып жатқан ер адамның бұрын мешіттің күзетшісі болып жұмыс істегені мәлім болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға Атырауда болды, ал әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодағы Кейқуат Оспанов өзін жын шығарушы молда санайды. Видеода ол 9 жасар қыздың денесіне 19 жастағы Ләззат есімді қыздың рухы кіріп кеткенін сұрап жатыр. Ол қыздың ішіндегі жынның мың жылдық екенін анықтап сұрайды. Қыздың сұрақтарға жауап бергенде жылап жатқаны көрінеді. Кейқуат Оспанов «жын шығару рәсімін» жүргізгенде, қызды байлап тастайды. Ал қыздың анасы бұл кісіге әлеуметтік желіден көріп-білгеннен соң келген екен. Сонымен қатар, келіншек емшіге келген күні 200-ден астам адам кезекте тұрғандығын айтты.
«Мен қызым үшін уайымдадым. Ол біртүрлі әрекеттер жасай бастады, балаларға тән емес қылықтар байқалды. Кейқуат аға дұға оқыды, ешқандай күш қолдану болмады. Мен оның жын шығарып жатқанын көрдім. Мұндай адамдар қажет», — деді қыздың анасы.
Алайда, кейінірек Кейқуат Оспановтың Атырау қаласындағы орталық мешіттің қауіпсіздік жұмыскері, яғни күзетші болғаны белгілі болды.
«2009 жылы Кейқуат Оспанов Атырау қаласындағы орталық мешітте уақытша қауіпсіздік жұмыскері болып шамамен екі ай жұмыс. Оның Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен ешқандай байланысы болмаған және бізден ешқандай тағайындау алмаған», - деді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханов Orda.kz тілшісіне.
Полиция Оспановпен әңгімелескен. Ол видеодағы қызды есіне нақты түсіре алмайтындығын, бірақ болашақта құқық қорғау органдарымен жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, «емшінің» арнайы сертификаты бар. Тіпті Кейқуат Оспанов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, бұл марапатты денсаулық сақтау министрлігі берген. Қоғамда «жын шығарумен» айналысатын адамға министірліктің марапат бергені түсініспеушілік туғызды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық