9 өңірде ескерту: 42 градусқа дейінгі ыстық, шаңды дауыл
Қазгидромет 23 мамыр күні ауа райының бұзылатынын ескертіп, бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Синоптиктер күндіз Маңғыстау облысында шаңды дауыл болатынын ескертті. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-18 м/с артады. Күндіз жекелеген аумақтарда 38-42 градус қатты ыстық болады.
Батыс Қазақстан облысында 39 градусқа дейін қатты ыстық болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 25 м/с артуы ықтимал. Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші жекелеген аумақтарда 15-20 м/с болады. Күндіз 39 градус қатты ыстық сақталады. Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап,кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді.
Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с күшпен жел соғады. Күндіз Қостанай облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде күші 25 м/с жетеді. 35-36 градус ыстық болжанады. Күндіз 23-25 мамырда Жамбыл облысында тауда найзағай, бұршақ жауады. 23-25 мамырда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 25 м/с жетеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық