89 жастағы зейнеткер туыстарын ұрғаны үшін істі болды
Фото: әлеуметтік желіден
Зейнеткердің жиені оқиғаның жай-жапсарын айтып берді. Оның айтуынша, бірнеше жыл бұрын туыстары Астанада тұрған қарт әйелді Ақмола облысындағы Макинск қаласына көшуге көндірген. Кейін олар зейнеткердің ақшасы мен жылжымайтын мүлкін иемденіп, баспананы өз аттарына рәсімдеп, сатып жіберген, деп хабарлайды Orda.kz.
Жағдайды естіген әже қатты күйзеліске түсіп, инсульт алған. Алайда, бұдан кейін де туыстары тарапынан қысым жалғаса беріпті. Көпқабатты үйдің кіреберісінде болған жанжалдан соң, туысын ұрды деген айыппен күтпеген жерден 89 жастағы әйелдің өзі жауапқа тартылған.
Жиенінің айтуынша, қарт әйелге түзеу жұмыстары жазасы тағайындалған. Алайда қазіргі таңда зейнеткердің өздігінен қозғалу мүмкіндігі жоқ көрінеді.
Алайда, Ақмола облысы сотының өкілі 89 жастағы әйелге түзеу жұмыстары тағайындалды деген ақпаратты жоққа шығарды. Сот өкілінің мәлімдеуінше, зейнеткер тек мінез-құлық ережелерін сақтауға міндеттелген.
Айта кетейік, Алматыда мопед жүргізушісін қағып қашып кеткен адам екі тәуліктен бері табылмады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық