«88 науқасты зорлаған»: Норвегияда азғын дәрігерге қатысты сот отырысы басталды
Фото: Elements.envato.com
Норвегияда 55 жастағы дәрігерге қатысты сот отырысы басталды. Арне Бай сексуалды зорлық-зомбылық жасағаны үшін айыпталып жатыр. Ол бұл әрекеттерін жиырма жылдан астам уақыт бойы жасаған деп хабарлайды Orda.Kz VG сайтына сілтеме жасап.
Норвегияның 2600 тұрғыны бар кішкентай Фроста ауылында үлкен дау шықты. Жергілікті дәрігер Арне Байды науқастарына зорлық жасаған деп айыпталып отыр.
Іс материалдарына қарасақ, Бай 2004 жылдан 2022 жылға дейін бейнемазмұнды құпия түрде түсіріп келген. Бұл уақыт аралығында ол алты мың сағат гинекологиялық тексерулерді және сексуалды қорлық пен зорлық эпизодтарын түсірген.
Жалпы 96 әйел зардап шеккен, олардың 88-і зорланған. Ең жас пациент 15 жаста болса, ең үлкені 67-де.
Тергеушілердің айтуынша, Бай медициналық процедураларға қатысы жоқ әрекеттер жасаған. Айыптау құжатында оның әйелдердің интимдік аймақтарына саусақтары мен заттарды тығып, оларды ұстап, зорлық көрсеткені туралы айтылады.
Барлық әрекеттер әйелдердің келісімінсіз және олардың қорғансыз күйінде жасалған.
Арне Бай 20 жылдан астам уақыт бойы дәрігер болып жұмыс істеп, сенімге ие болған. 2020 жылы ол COVID-19 пандемиясымен күреске қосқан үлесі үшін марапатталған.
Бұл оқиға бүкіл ауылды дүр сілкіндірді.
Ал Арне Бай айыптауларды жоққа шығарып, бейнемазмұнның оның кәсіби этикасын дәлелдейтінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық