«Керуен-сарай» кешеніне жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Түркістанда «Керуен-сарай» кешеніне жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов бұл мәлімет туралы өз facebook парақшасында жариялады.
Әлеуметтік желіде кешеннің қабырғалары құлап жатқаны туралы тараған видеоға әкім орынбасары «жоспарлы жөндеу» деп жауап берді.
– Нысан басшылығының өтініші бойынша келушілердің қауіпсіздігін сақтай отырып, жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік желі пайдаланушыларынан анық емес ақпаратты таратпауды сұраймын. Нысан жеке инвестициялар есебінен салынғанын еске салайын. Құрылыстың сапасына инвестор жауапты, – деп атап өтті аймақ басшысының орынбасары.
Еске сала кетейік Қазақстан даму банкі жобаның құны 87 млрд теңге болғанын хабарлаған. «Turkistan Silk Way Harbor» ЖШС - 47 млрд теңге салды (жобаның жалпы құнының 54%). ҚДБ қатысуы - 40 млрд теңге, оның ішінде 30 млрд теңге - бұл банктің жергілікті нарықта нарықтық мөлшерлемелер бойынша тартқан қаражаты, қалған 10 млрд теңге - бюджеттік кредит.
87 млрд теңгеге салынған кешеннің бұдан өзге де тұстары жамалып, қайта өңделіп жатыр. Қабырғалары қирап жатқан суреттер де желіде тараған болатын. Айта кетейік, кешеннің ашылуы 2021 жылдың 10 сәуірінде болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық