«80 млн теңге»: Қазпошта кассирлерінің қылмысы әшкере болды
Фото: freepik.com
Алматы облысының прокуратурасы «Қазпошта» АҚ-да бюджет қаражатын ысырап ету фактілерін анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеуде анықталғандай, «Қазпошта» АҚ кассирлері түбіртектерді түзету арқылы төленген мемлекеттік баж салығының бір бөлігін заңсыз иемденіп отырған.
Қылмыстық схема 2021 жылдан 2023 жылға дейін төлқұжат пен жеке куәліктерді рәсімдеу кезінде жүргізілген. Келтірілген залал сомасы 80 млн теңгеден астам.
«Сот үкімімен 2 кассир аса ірі мөлшерде (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, оларға бас бостандығынан айыру және материалдық жауап, сондай-ақ басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салу түріндегі жаза тағайындалды» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық