«80-90% емделіп кетуі мүмкін»: Ербаянның әкесі мәлімдеме жасады
Фото: Orda.kz
Ұлттық гвардия сарбазы Ербаян Мұхтардың әкесі ұлының денсаулығына алаңдап, оның суреттері мен бейнематериалдарын жариялауға тыйым салды. Бұл туралы ол Астанада өткен брифингте журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ербаянның әкесі Хамит Аймағамбетов ұлының сауығу жолында ауыр кезеңді басынан өткеріп жатқанын, дегенмен сауығу белгілері байқалатынын атап өтті.
«Соңғы уақытта оның денесі құрысып қалып жүр, бірақ дәрігерлер мұндай жарақаттарда бұл қалыпты құбылыс екенін айтты. Ең бастысы – уақтылы ем қабылдау болып тұр», – деді Аймағамбетов.
Сарбаздың отбасы емін шетелде, Германияда жалғастыруды жоспарлап отыр. Оған ол жақтан үміттенерлік болжам айтыпты.
«Неміс дәрігерлері Ербаянның толықтай сауығып кету мүмкіндігі 80-90% деп отыр. Біз оның қайтадан аяққа тұратынына сенеміз», – деді Хамит Аймағамбетов.
Дегенмен әкесі ұлы толықтай сауығып кеткенге дейін оның фотосуреттері мен бейнематериалдарын жариялауға үзілді-кесілді қарсы екенін, мұны көз тиюден сақтаудың амалы деп түсіндірді.
«Германиядан оралған соң, мен бәрін өзім айтып, халыққа көрсетемін», – деп түйіндеді Аймағамбетов
Естеріңізге сала кетейік, Orda.kz былтыр желтоқсан айында әскери қызметте ауыр бас жарақатын алып, жарты жыл бойы комада жатқан сарбаздың жақындарынан сұхбат алған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық