8 жасынан бастап зорланған қыздың анасы туысын қорғап отыр
Алматы облысында 15 жасар жасөспірімді бөлесі 7 жыл бойы зорлаған. Бұл туралы Андрей Андреев Facebook парақшасында жазды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Облыста сұмдық жағдай болып жатыр. Өмір не болып барады? Қыздың бөле ағасы оны біраздан бері зорлап келген. Оған 8 жасынан бастап тиіскен. Ал қыздың анасы болса жиенін қорғап отыр, - деді Андреев.
Жасөспірімнің ата-анасы ажырасқан. Анасы балаларынан бас тартып, қамқорлықты әкесіне берген.
Бастапқыда балалар Алматыда тұрған. Кейін елордаға кеткен.
Туыстарының айтуынша, әйел әскери бөлімде жұмыс істеген. Жұмыс барысы бойынша тұрғын үй өтемақысын алу үшін балаларын өз қолына алған. Негізінде өзі басқа ер адаммен тұрады.
– Соңғы кезде жасөспірім қыз туыстарының үйінен шықпай жүр. Біресе анаған, біресе мынаған барады. Бірақ анасына барғысы келмейді. Туыстары себебін сұрағанда айтпады. Алайда артынан бәрін айтуға келісті. Сөйтсе, басқа еркекпен тұратын анасы кей кезде ішімдік ішетін болып шыққан. Ал жеке өмірін ойлағанда қызын Шамалғанға әпкесінің үйіне жібере салады. Ол жерде тәтесінің ұлы – бөле ағасы тиісіп, зорлайды екен. Соңғы рет оны 21 наурызда жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Бұның барлығы қыздың 8 жасында басталған, - деп атап өтті Андреев.
Бойжеткеннің әкесі жағдайды естіп, бірден Нұр-Сұлтаннан келген. Олар полицияға арыз түсірді. Бірақ қыздың анасы туысына шаң жуытпай отыр. Тіпті, оған қорғаушы жалдаған.
Анықталғандай, Қарасай ауданының тергеушісі қажетті сараптамаларды тағайындамаған. Салдарынан тергеу шаралары ұзаққа созылған.
Жасөспірімнің мектебінде оқу ісінің меңгерушісі «болары болып, бояуы сіңген нәрсені» қайта көтермеуге шақырған.
Осы мәселе бойынша Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев түсініктеме берді.
– Қарасай аудандық полиция басқармасында 2006 жылғы қызға жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері бойынша оның анасы арқылы туысы болып келетін адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-тармағына сәйкес іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп жауап берді Күдебаев.
Қылмыстық колекстің 121-бабы «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық