8 маусымға ауа райы болжамы: қатты аптап ыстық пен найзағай ойнаған жаңбыр
Фото: Pixabay
Синоптиктер 8 маусымға Қазақстанның ауа райы болжамын ұсынды. Елдің әр өңірінде бұршақ жауып, найзағай ойнайды.
«Республиканың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстан Республикасының қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады» делінген Қазгидромет хабарламасында.
Республикада жел күшейеді, оңтүстік-батыста, солтүстікте шаңды дауыл соғады.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, түнде солтүстікте, батыста, күндіз облыстың басым бөлігінде жел күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында – күн күркіреп, бұршақ жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел күшейеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында – күн күркіреп, бұршақ жауады, облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жел күшейеді.
Күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында – найзағай ойнайды, Жалаңашкөл және облыстың таулы аймақтарында жел күшейеді.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде – күн күркіреп, шаңды дауыл соғады, түнде оңтүстікте, күндіз батыста, оңтүстікте, шығыста – жел күшейеді.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында – күн күркіреп, бұршақ жауады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда жел күшейеді.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында – найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында – жел күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында – шаңды дауыл, облыс орталығында, оңтүстігінде жел күшейеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстікте, Павлодар облысының орталығында жел күшейеді.
Күндіз Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты аптап ыстық болады.
Қызылорда облысының орталығында, батысында, Қарағанды облысының шығысында, Алматы облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21°С, күндіз +30…+32°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Құбылмалы жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18°С, күндіз +30…+32°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18…+20°С, күндіз +35…+37°С.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық