78 адамның өмірін жалмаған өрт: 19 адам қамауға алынды
Фото: freepik.com
Түркиядағы тау шаңғысы курортында болған өрттен 78 адамның қаза табуына байланысты жүргізілген тергеу аяқталды. Күдікті ретінде 19 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу сараптамасының нәтижесіне сәйкес, қайтыс болған 78 адамның 38-і кәмелетке толмаған балалар екені анықталды. Өрт кезінде көз жұмғандардың басым көпшілігі түтінге тұншығып өлген.
2025 жылдың 25 қаңтарында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің сот жүйесі бұл оқиғаның барлық қыр-сырын анықтау үшін бар күшін салып жатқанын мәлімдеді. Күдіктілер арасында Болу муниципалитеті мэрінің орынбасары Седат Гүленер және өрт сөндіру басқармасы басшысының орынбасары Кенан Жошкун бар.
Тергеу барысында қонақ үйде өрт кезінде автоматты түрде су шашатын жүйенің болмағаны да анықталған. Бұдан бөлек өрт кезінде далаға шығуға арналған апаттық баспалдақтардың есіктері жабық тұрған.
Еске салайық, 20 қаңтардан 21 қаңтарға қараған түні Болу қаласындағы Карталкай тау шаңғысы курортындағы Grand Kartal қонақ үйінде өрт шықты. Өрт салдарынан 78 адам қаза тапты. Мерт болғандар арасында бір әулеттің 14 адамы да бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық