77 жылдан кейін табылған орден жауынгер отбасына табысталды
Жамбыл өңірінің тумасы, батыр Рахымберді Досмұхамбетовке екінші дүниежүзілік соғыс кезінде берілген «Александр Невский» ордені 77 жылдан кейін жауынгердің отбасына табысталды, деп хабарлайды Orda.kz. 24.kz.- ке сілтеме жасап.
Орден 1944 жылдың 6 ақпанында берілген екен. Рахымберді Досмұхамбетов 19 жасында Қызыл әскер қатарына шақырылған. Сол кездері ол аға лейтенант шенінде батальонды басқарған. 28-Невель атқыштар дивизиясының 88-полкі атқыштар ротасының командирі болып жүргенде ауыр жарақат алған сарбаз жарты жыл госпитальде жатқан. Сол аралықта марапаттары мен құжаттарын жоғалтып алған.
Жоғары дәрежелі орден жарты ғасыр бойы Румыния астанасы Бухарест мұражайында сақталыпты. Құжаттар ішінен медальдің қосымшасы мен орден кітапшасы табылды.
— Бұл ерекше оқиға болды. Бұған ел-жұрт болып қуанып жатырмыз. Соғыс жылдарындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оларды түсіндіру, айту соларды үлгі ете отырып, жастарды тәрбиелеу - біз сияқты соғыс ардагерлері үшін маңызды шара, - дейді Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев.
Құжаттар арасынан табылған майдангер туралы жазбада жауынгердің жанкештілігі, өмір жолы туралы деректер келтірілген. Батырдың өзі 1991 жылы өмірден өткен. Құнды орден мереке қарсаңында оның немересі Бауыржан Досмұхамбетовке табыс етілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық