75 мәдениет қызметкері Тұңғыш Президент стипендиясына ие болды
Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері Сәбит Оразбаевқа І дәрежелі «Барыс» орденін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды Ақорда сайты.
Ұлттық мәдениет пен театр өнерін дамытудағы ерекше қызметі, жемісті еңбегі үшін актерге сыйлық берілді. Мемлекеттік хатшы салтанатты түрде Сәбит Оразбаевты 85 жасқа толуымен құттықтап, оған Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқып берді.
Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы танымал қазақстандық каскадер, «Nomad Stunts» каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожиновпен кездесіп, оны Бүкіләлемдік каскадёрлер академиясының (АҚШ) «Таурус» сыйлығымен марапатталуымен құттықтады.
Сонымен қатар, Тұңғыш Президент - Елбасы стипендиясы қазақ әдебиеті мен өнерінің шеберлері Әбдіжәміл Нұрпейісов, Асанәлі Әшімов, Нұрғали Нүсіпжанов, Александр Гаркавец, Дулат Исабеков, Иранбек Оразбаев, Болат Аюханов, Гүлвира Разиеваға берілді.
Ақын Бауыржан Халиолла мен Мирас Асанға, балерина Әсел Жанғасқаеваға, актер Аян Өтепбергенге, өнертанушы Валерия Недлина сияқты жас таланттарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық