7353 қазақ қандас мәртебесін алды
Фото: Pexels
2024 жылдың 1 маусым айына дейін 7 353 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 135,7 мың этникалық қазақ оралды.
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі хабарлайды.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (49,4%) Қытайдан, 6,3% – Түрікменстаннан, 5,4% – Моңғолиядан, 34,4% – Өзбекстаннан, 3,2% – Ресейден және 1,3% басқа елдерден.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.
Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Жыл басынан бері 1405 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 419 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.
Жаңалықтар
- Қарағандылық құтқарушы «Жарық түндер» халықаралық жарысында алтын медаль ұтты
- Германия Ресейден қауіптеніп, ықтимал соғысқа дайындықты бастап кетті
- Көші-қон заңнамасын бұзған 27 шетелдік елден шығарылды
- Аида Балаева: Көші-қон саясаты түбегейлі өзгереді
- Австрияда балалар тағамына у қосқан адам ұсталды
- БАҚ бойынша президенттің 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарына ұсыным қабылдау басталды
- «Оскар» ұйымдастырушылары ЖИ-актерлер мен сценаристерге шектеу қойды
- Қытай өзінің мұнай компанияларына АҚШ санкцияларын елемеуді бұйырды
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады