700 балаға қауіп төніп тұр: Ақтөбеде туберкулездің ашық түрімен ауыратын медбике балалармен жұмыс істеген
Фото: pixabay
Ақтөбе көпбейінді облыстық балалар ауруханасының 21 жастағы медбикесі 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін реанимация бөлімшесінде жұмыс істеген, деп хабарлайды Orda.kz.
Медбике 2023 жылдың мамырында ауыра бастаған, ал қыркүйек айында одан туберкулездің ашық түрі анықталған.
«Бастапқыда ол жіті респираторлық вирустық инфекциясымен (ЖРВИ) ауырған, кейін екі рет пневмония болды. Жалпы ол үш рет ауруханаға жатты. Жұмысқа қабылданған кезде денсаулығында ешқандай мәселе болмаған, ал реанимация бөлімшесінде қызметке қабылдау тәртібі өте қатаң», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта медбике қажетті ем алуда. Ал онымен байланыста болған 55 әріптесі диаскин-тест пен флюорографиядан өткен – олардың арасында ауру анықталмады.
Сондай-ақ, медбикемен байланыста болған 700-ден астам баланы тексеру басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық