«7 жыл»: Думан Мұхаммедкәрімнің аппеляциялық шағымын сот мақұлдамады
Коллаж: Orda.kz
7 қарашада облыстық сот Мұхтар Әбіләзовтен сұхбат алып, оның есеп шотын жариялағаны үшін 7 жылға сотталған Думан Мұхаммедкәрімнің аппеляциялық шағымын мақұлдамады. Осы іске қатысты 20-дан аса сот отырысы өтті. Соңғы сөз айтылатын сотқа және үкім шығаратын күні Orda.kz тілшісі барып қайтқан болатын. Осы жолғы сот отырысы жабық өткен соң, тек қорғаушылар ғана қатыса алды.
Orda.kz сот отырысы жайлы адвокат Ғалым Нұрпейісовке хабарласып, мән-жайды сұрастырды.
Сотқа Думанды жақтап келген бір топ адам жиналып, «Думанға бостандық» деп сыртта айқайлады. Облыстық соттың айналасына арнайы жасақ қойылды. Құзырлы орган қызметкерлері бұл шерудің заңсыз екенін ескертумен болды. Естеріңізге сала кетсек, «Тыйым салынған ұйым ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» айыптары тағылған Думан Мұхаммедкәрімге кезінде Қонаев қалалық соты 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған еді. Бүгін облыстық сот сол шешімді өзгеріссіз қалдыратындарын жариялады.
Ал аппеляциялық шағымды қараған сот отырысына адвокаты мен құқық қорғаушысы ғана кірді.
Думан Мұхаммедкәрімнің қорғаушысы алғашқы отырыста сотта ашық өткізуге қатысты өтініштердің қабылданбағанын атап өтті. Сонымен қатар, сотта жасырын куәгердің сөзі тыңдалды. Адвокат оның Гриша Ходжаев екенін айтты.
Адвокаттың айтуынша, журналистің Мұхтар Әбіләзовтен алған сұхбатында оған қойылған сұрақтары экстремистік ұйымды қолдау ретінде қаралмауы керек.
«Әбіләзовке қойылған сұрақтар ешқандай партияны немесе қозғалысты қолдауға бағытталмаған. Бұл— абсурд. Адвокаттардың гонорары үшін қаражат жинау экстремизмді қаржыландыру емес», — деді қорғаушы Ғалым Нұрпейісов.
Ол сондай-ақ, қылмыстық іс пен үкімнің заңсыз және жалған екенін айтты.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдары, соның ішінде Human Rights Watch, Думан Мұхаммедкәрімді саяси қудалау көрген адам деп таныды.
«Ол тек өз пікірін білдіргені үшін қылмыстық жауапқа тартылып отыр», — деді Ғалым Нұрпейісов.
Бұдан бөлек, қорғаушы журналистті Талдықорғанға этаппен жібермей, Алматыға жақын Заречныйға ауыстыру туралы өтініш білдірді.
Сотқа келіп, журналистке қолдау көрсеткендер арасында негізінен зейнет жасындағы азаматтар болды. Ғалым Нұрпейісов олар тек Думан Мұхаммедкәрімді ғана емес, Қазақстандағы адам құқықтары мен заң үстемдігін қорғауға келгенін айтты.
«Бұл жолы негізінен қартаң адамдар келді және шын мәнінде Думан үшін, Қазақстанның болашағы үшін және жалпы адам құқықтары үшін алаңдайтындар келді. Ата-аналар ұрпағы үшін шын жүректен, таза ниетпен келеді. Олар тек Думанды емес, жалпы заңдылықты қолдау мақсатында жүр», — деді Ғалым Нұрпейісов.
Еске сала кетейік, жиырмасыншы сотына Orda.kz тілшісі қатысып, соңғы сөзі жайлы біліп қайтты. Ол соңғы сөзінде тағылған айыптарды мойындамайтынын айтқан болатын.
Жаңалықтар
- Қазақстанның 20 өңірінде мерез сырқаты өршіп, Шымкент қаласында 72,5%-ға артқан
- «Отбасы банк» қызметкерлері тұрғын үй кезегін сатқаны анықталды
- Алматыда ақбөкеннің бір тонна мүйізі 1,2 млрд теңгеге сатылымға шығарылды
- Канье Уэстің концерті өтетін күні Алматыда үш көше жабылады: Алаяқтар билет сатып жатыр
- Символға айналған құндылық: Қазақстанда 19 мың адамға Абай есімі берілген
- Шавкат Рахмоновтың әкесі қайтыс болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі үшін 10 млрд теңге өтемақы: Марқұмның ағасы отбасы талабын түсіндірді
- «Пәтерді 18 жыл күттім»: Павлодардағы жетім қыздың отбасылық табысы баспана алуға кедергі болған
- Еліміздің көп өңіріне +44 градусқа дейінгі аптап ыстық қайта оралады
- Алматының қай жерлері қауіпті? Полиция қылмыс картасын өзгертіп жатыр
- Омбыда көлік адамдарды қағып, бір әйел қаза тауып, тоғыз адам зардап шекті
- Қамза экстрадицияланғаннан кейін Өзбекстандық блогер Хикматов халықаралық іздеуге жарияланды
- Қытайда «Дельфин» тайфунына байланысты миллионнан астам адам эвакуацияланды
- Денесінен көгерген іздер көрдім: Ашыбұлақта әйелдің өліміне қатысты тың деректер шықты
- Қазақстандық пауэрлифтер Гүзал Ергешева Англияда қайтыс болды
- Батыс Қазақстандағы күре жолда жүріп келе жатқан автобус жанып кетті
- Бақыт Есімова президент әкімшілігінің бөлім басшысы болып тағайындалды
- Абай ілімі – рухани шамшырағымыз: Президент халықты Абай күнімен құттықтады
- Полицейдің көзінше әйелдің басынан тепкен: Жетісу облысындағы базарда болған сұмдық
- Абай облысында байыту фабрикасында өрт шығып, 20 адам эвакуацияланды