«7 жыл»: Думан Мұхаммедкәрімнің аппеляциялық шағымын сот мақұлдамады
Коллаж: Orda.kz
7 қарашада облыстық сот Мұхтар Әбіләзовтен сұхбат алып, оның есеп шотын жариялағаны үшін 7 жылға сотталған Думан Мұхаммедкәрімнің аппеляциялық шағымын мақұлдамады. Осы іске қатысты 20-дан аса сот отырысы өтті. Соңғы сөз айтылатын сотқа және үкім шығаратын күні Orda.kz тілшісі барып қайтқан болатын. Осы жолғы сот отырысы жабық өткен соң, тек қорғаушылар ғана қатыса алды.
Orda.kz сот отырысы жайлы адвокат Ғалым Нұрпейісовке хабарласып, мән-жайды сұрастырды.
Сотқа Думанды жақтап келген бір топ адам жиналып, «Думанға бостандық» деп сыртта айқайлады. Облыстық соттың айналасына арнайы жасақ қойылды. Құзырлы орган қызметкерлері бұл шерудің заңсыз екенін ескертумен болды. Естеріңізге сала кетсек, «Тыйым салынған ұйым ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» айыптары тағылған Думан Мұхаммедкәрімге кезінде Қонаев қалалық соты 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған еді. Бүгін облыстық сот сол шешімді өзгеріссіз қалдыратындарын жариялады.
Ал аппеляциялық шағымды қараған сот отырысына адвокаты мен құқық қорғаушысы ғана кірді.
Думан Мұхаммедкәрімнің қорғаушысы алғашқы отырыста сотта ашық өткізуге қатысты өтініштердің қабылданбағанын атап өтті. Сонымен қатар, сотта жасырын куәгердің сөзі тыңдалды. Адвокат оның Гриша Ходжаев екенін айтты.
Адвокаттың айтуынша, журналистің Мұхтар Әбіләзовтен алған сұхбатында оған қойылған сұрақтары экстремистік ұйымды қолдау ретінде қаралмауы керек.
«Әбіләзовке қойылған сұрақтар ешқандай партияны немесе қозғалысты қолдауға бағытталмаған. Бұл— абсурд. Адвокаттардың гонорары үшін қаражат жинау экстремизмді қаржыландыру емес», — деді қорғаушы Ғалым Нұрпейісов.
Ол сондай-ақ, қылмыстық іс пен үкімнің заңсыз және жалған екенін айтты.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдары, соның ішінде Human Rights Watch, Думан Мұхаммедкәрімді саяси қудалау көрген адам деп таныды.
«Ол тек өз пікірін білдіргені үшін қылмыстық жауапқа тартылып отыр», — деді Ғалым Нұрпейісов.
Бұдан бөлек, қорғаушы журналистті Талдықорғанға этаппен жібермей, Алматыға жақын Заречныйға ауыстыру туралы өтініш білдірді.
Сотқа келіп, журналистке қолдау көрсеткендер арасында негізінен зейнет жасындағы азаматтар болды. Ғалым Нұрпейісов олар тек Думан Мұхаммедкәрімді ғана емес, Қазақстандағы адам құқықтары мен заң үстемдігін қорғауға келгенін айтты.
«Бұл жолы негізінен қартаң адамдар келді және шын мәнінде Думан үшін, Қазақстанның болашағы үшін және жалпы адам құқықтары үшін алаңдайтындар келді. Ата-аналар ұрпағы үшін шын жүректен, таза ниетпен келеді. Олар тек Думанды емес, жалпы заңдылықты қолдау мақсатында жүр», — деді Ғалым Нұрпейісов.
Еске сала кетейік, жиырмасыншы сотына Orda.kz тілшісі қатысып, соңғы сөзі жайлы біліп қайтты. Ол соңғы сөзінде тағылған айыптарды мойындамайтынын айтқан болатын.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды