7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер 7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. «Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Солтүстікте, шығыста жел күшейіп, қарлы боран соғады. Республиканың кей жерлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстанда, Ақтөбе облыстарында тұман, көктайғақ.
Батыста, шығыста, Атыраудың орталығында, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде тұман күтіледі.
Қостанай облысында тұман, түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі, шығыста екпіні15-20 м/с жететін жел күшейеді, түнде бұрқасын, көктайғақ.
Павлодар облысында тұман, көктайғақ күтіледі, солтүстік-батыстан жел 18 м/с күшейеді.
Қарағанды облысында көктайғақ, тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында да тұман мен көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.
Жамбыл облының таулы аудандарында тұман күтіледі, күндіз таулы аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең қар жауады. Кей уақытта тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -6-8°С, күндіз одан әрі төмендейді.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ауа температурасы түнде 0, +2°С, күндіз +7+9°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +12+14°С.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық