7 мамыр күні Отан қорғаушылары мерекесіне не сыйлауға болады?
Фото: Livelove
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Ал аталмыш мереке қарсаңында жақыныңызға қандай сыйлық сыйлауға болады?
Orda.kz тілшісі сіздерге бірнеше идея ұсынады.
Алдымен ер адамдарға қажетті заттардан бастасақ:
Сағат – классикалық киімдерге арналған немесе күнделікті тағып жүруге жарайтын сағат.
Термос – егер ол табиғатта жиі серуендейтін болса, онда термос таптырмас сыйлық.
Қалам мен дәптер – егер сыйлық сыйлайтын ер адамыңыздың жазу өнері болса (журналист, ақын, жазушы) қалам мен дәптер ең тартымды сыйлық. Дәптердің сыртына оның аты-жөнін тапсырыспен жаздыртсаңыз да болады.
Парфюм – әйел адам ғана емес, сондай-ақ қоғамда ер адамның үстінен де жағымды иіс шығып тұруы маңызды. Сондықтан оларға парфюм сыйлаған да жөн.
Сертификат – иіссудан бөлек ер адамның сәнді киініп жүргені де маңызды. Ерлер киімі дүкеніне арналған сертификат сыйлау – таптырмас идея.
Аксессуарлар – ерлерге арналған аксессуарлар мыналар: көзілдірік, тізбек (алқа, цепочка), телефон қаптамасы (чехол), білезік.
Көлігіне арналған аксессуарлар – егер сыйлық беретін адамыңыздың көлігі бар болатын болса, онда оның көлігіне арналған жабықтар сыйласаңыз болады. Қайткенмен де әр еркек үшін оның көлігі де маңызды. Мәселен көлігінен әдемі иіс шығып тұруы үшін айнаға іліп қоятын иістендіргіш сыйласаңыз болады.
Әмиян – еріңіздің аты-жөні жазылған былғары, сапалы жасалған әмиян. Ерекше стильде, қазақы ою-өрнекпен әрлесеңіз тіпті керемет.
Кітап немесе мөр – егер еріңіз кітап құмар адам болса, оның оқығысы келіп жүрген кітабы немесе кітап тек соған ғана тиесілі екенін дәлелдейтін мөр сыйласаңыз да болады.
Orda.kz редакциясы мерекемен барша Қазақстан халқын құттықтайды! Отан қорғаушылар күні тек ер адамдарға емес, әйелдерге де қатысты мереке. Соғыстан ең бірінші жапа шегетін — әйел мен бала. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық