7-20-25 және Баспана Хит борышкерлерінің төлем уақыты үш айға шегерілді
Фото: Pixabay
«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша қарыз алушыларға 90 күнге дейін жеңілдікті кезең берілді, деп хабарлады Қазақстанның тұрақтылық қоры.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы бұйрығымен Төтенше жағдай әсерінен зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды беру тәртібі бекітілді.
«7-20-25» және «Баспана хит» ипотекалық бағдарламалары төлемдер уақытының шегерілуі осы ереже аясында жұмыс істейді» деп хабарлады қор.
Тәртіпке сәйкес, банктер 2022 жылғы 5 қаңтардан 5 сәуірге дейінгі мерзімге кейінге қалдырылған төлемдерді ұсынады.
Төлемді кейінге қалдыру қарыз алушының несиелік тарихына әсер етпейді.
Төлемді шегеру үшін не істеу керек?
Ол үшін қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, банкке еркін нысандағы өтінішпен жүгіну керек.
Өтініш электрондық пошта, онлайн «банк-клиент» жүйесі, интернет-ресурс, мобильді қосымша, басқа да байланыс құралдары арқылы немесе қарыз алушының банк бөлімшесіне өзі келу арқылы беріледі.
Өтінімдерді қарау мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.
Кейінге қалдыру туралы өтініштер 2022 жылдың 4 сәуіріне дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық