60 жас мерейтойын тойлаған аудан әкіміне қатаң сөгіс жарияланды
Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов карантин кезінде 60 жас мерейтойын тойлағаны үшін дауға қалды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Бақыт Қазанбасов іс-әрекетіне түсініктеме беріп, Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 3 тамыздағы №173-Ж/Қ өкімімен қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза алды.

Белгілі болғандай, Қазанбасов той туралы білмеген. Оны жақындары тосынсый ретінде ұсынған. Ол құттықтауларды қабылдай сала, үйіне қайтқан. Әкімді құттықтауға 38 адам жиналған.
Жамбыл облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 жылғы 27 шілдедегі №24-29-7-12/1440-И санды хатына сәйкес Б. Қазанбасовқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабымен 87 510 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Еске салсақ, жақында Қарағанды облысында карантинде той жасаған жер қатынастары басқармасының басшысы қызметінен босатылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық