60-тан астам құтқарушы Алматы тауында жоғалып кеткен ер адамды іздестіруде
alpagama.org
Іздеуге екі кинологиялық (ред. із кесуші иттер) топ да қатысуда. Құтқару жұмыстары 3200 метрден астам биіктікте жүргізілуде.
Алматы тауларында құтқарушылар жоғалған ер адамды іздестіруде, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
«2021 жылғы 11 ақпанда сағат 15.20-да «112» пультіне 1981 жылғы азаматтан оның «Шымбұлақ» шыңына көтеріліп, бағдарын жоғалтқаны және өз бетімен түсе алмайтындығы туралы хабарлама келіп түсті».
Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының, Алматы қаласы құтқару қызметінің 5 іздестіру-құтқару жасағы, оның ішінде 2 кинологиялық есеп, сондай-ақ «Шымбұлақ» ТШК құтқарушылары дереу жіберілді.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнында ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелердің құтқарушылары, «109 құтқару қызметі», медициналық қызметтер мен Алматы қаласы әкімі аппаратының қатарынан Алматы қаласы ТЖД жедел штабы құрылды.
ТЖ және дүлей зілзалалардың қаупін азайту жөніндегі орталықтың өнеркәсіптік ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылды.
Қазавиақұтқару КА-32 әуе борты (тұман, уақытша ұшу мүмкіндігі жоқ) әзірлікте тұр.
Бірінші күннен бастап іздестіру жұмыстары қалың тұман, қатты жел, дымқыл қар, нөлдік көріну жағдайында жүзеге асырылды. Құтқару жұмыстары 3200 м астам биіктікте, көшкін қаупі жоғары аумақта жүргізілуде.
Жедел-құтқару топтары Шымбұлақ шыңын, жанасып жатқан жотаны, Шымбұлақ өзені бойындағы шатқалды, сондай-ақ Богданович мұздығы ауданын және Талғар асуын қарап шықты. Осылайша, жақын маңдағы елді мекеннің жан-жағынан іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Ауа райының қолайсыздығына және көшкін қаупіне қарамастан, құтқару жұмыстары тоқтатылмайды.
Ер адам өзінің орналасқан жерін жібере алмауына байланысты, Алматы қаласы ТЖД қосымша Билайн және Теле-2 ұялы операторларына соңғы геолокацияны анықтау бойынша сұраулар жолдады. Нәтижелері бойынша соңғы іс-қимылдың күні мен уақыты 2021 жылғы 11 ақпан сағат 18:29-да Beeline ұялы байланыс операторы арқылы «Шымбұлақ» базасы тіркелді.
Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамның 60-тан астам адамы, ТЖМ, РЖҚЖ, АМО, ҚҚ аумақтық бөлімшелерінің 11 техникасы жұмылдырылды. Жақындарының айтуы бойынша жоғалған азамат көк күрте, сұр бас киім мен қара бәтеңке киген.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық