60 мың теңгелік жүргізуші куәлігі туралы не білу керек?
Фото: колеса
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін ақшаға сатып алуды ұсынатын 30-ға жуық пост пен хабарламаны анықтады.
«Алаяқтар қарапайым схема бойынша әрекет етеді: клиент оларға қоңырау шалған кезде олар 50-60 мың теңге сұратып, құжатты бір ай күту керектігін айтады. Төлемді алғаннан кейін олар телефондарын өшіріп тастайды» деді Азаматтарға арналған үкімет.
Олардың айтуынша, мұндай хабарламалар тұрақты түрде қадағаланып, барлық қажетті деректер жинақталып, құқық қорғау органдарына беріледі. Мәселен, сәуір айында ҚР Ішкі істер министрлігіне жүргізуші куәлігін алуға заңсыз көмек көрсетудің 12 фактісі бойынша ақпарат келіп түскен.
«Жүргізуші куәлігін арнайы қызмет көрсету орталығында тиісті емтихандарды тапсырғаннан кейін ғана алуға болады. Емтихандар келесі реттілікпен қабылданады: алдымен теориялық, содан кейін практикалық. Сондай-ақ жүргізуші куәлігі үшін 1,25 АЕК (3 975 теңге) көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеу қажет» деді мемлекеттік корпорациядан.
Теориялық емтихан: 40 сұраққа 40 минут ішінде жауап беру керек. Емтиханнан өту үшін 32 сұраққа дұрыс жауап беру керек.
Одан кейін сыртқы аулада көлікті жүргізу емтиханы тапсырылады. 20 минут ішінде 12 жаттығуды орындау керек. Екі емтиханды да сәтті тапсырған адамға жүргізуші куәлігі беріледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық