6 мамырдан жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізіледі
Фото: Orda.kz
Әкімшілік полиция комитеті жол қозғалысы ережелеріне енгізілген жаңа өзгерістер туралы Ішкі істер министрлігі жобасын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ішкі істер министрінің жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрығы 25 сәуірде жарияланған және күнтізбелік он күннен кейін – 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Құжатта енді «жаяу жүргіншілер өткелі» және «қиылыс» ұғымдары нақтыланып, «жол-көлік оқиғасын оңайлатылған тіркеу» жаңа термині – ішкі істер қызметкерлерінің қатысуынсыз жол-көлік оқиғасы туралы құжаттарды ресімдеу енгізіледі. Яғни, Еурохаттама.
Сонымен қатар, ережелер жаңа бағдаршам сигналын - жасыл «+» белгісін қарастырады, бұл «қарсы бағытта келе жатқан көліктер үшін тыйым салатын - қызыл сигнал қосулы болады (бұрын жол ережесінде «қызыл +» белгісі болған).
6 мамырдан бастап автокөліктерге арналған жаңа сәйкестендіру белгілері пайда болады: «Электромобиль» (көліктің артқы жағында ілінеді) және «Газ жабдығы бар автомобиль» (газ жабдығы бар автомобильдердің артқы және алдыңғы жағына ілінеді). Сонымен қатар, енді жол қозғалысы ережелерінде «мүгедек» белгісі «тірек-қимыл аппараты бұзылған үшінші топтағы мүгедектер немесе осындай мүгедектер тобын тасымалдайтын» азаматтардың көліктеріне ілуге рұқсат етілетін болады.
Елді мекендерде көлік қозғалысына келесі рұқсаттар жоспарлануда:
- жол белгілерімен белгіленген ерекше жағдайларды қоспағанда, сағатына 60 шақырымға дейінгі жылдамдық, бұл жағдайда максималды жылдамдық сағатына 90 шақырымнан аспауы керек;
- жүк көліктері мен автобустар жылдамдығы сағатына 50 шақырымға дейін;
- тұрғын аудандарда және оған іргелес аумақтарда рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық сағатына 20 шақырым болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық