6 баласы бар жүкті келіншек 12 жасар қызын пышақтағаны үшін 6 жылға сотталды
Фото: Pixabay.com
Солтүстік Қазақстан облысында 12 жастағы қызын пышақтап тастаған жүкті көпбалалы ана 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
7152.kz басылымының мәліметінше, оқиға 2024 жылдың 17 қыркүйегінде болған, келіншек қызының дәптеріне ұқыпсыз жазғаны үшін санына екі рет пышақ сұғып алған. Ол сол кездерде психологиялық күйзелісте болған екен.
Қыздың оң жақ жамбасында екі сантиметрлік жарақат болған. Қан айналымының жеткіліксіздігінен бетінде акроцианоз пайда болып, жағдайы ауырлай түскен. Қызға Петропавлда ота жасалды.
Істі қараған Уәлиханов аудандық соты көпбалалы анаға қылмыстық кодекстің 106-бабы, яғни «Кәмелетке толмаған балаға қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша айып тағылды.
«Бұл әйелдің бірінші рет сотталуы және оның жүкті екенін ескере отырып, сот ең төменгі жаза – 6 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді» деп жазады, Петропавлдың 7152.kz басылымы сот материалдарына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға болған отбасында 6 бала бар, әкелері Ресейде жұмсы істейді. Ересектер әлеуметтік қызмет есебінде тұрмаған. Бұған дейін ананың психологиялық тұрғыдан күйзелісте болғаны белгілі болған. Ол қызын пышақтаған соң, болған жайтты есіне түсіре алмапты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық