6 ай бойы Ресей бидайын Қазақстанға әкелуге тыйым салынды
Фото: elements.evento
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанға бидай импортын алты айға шектеу туралы бұйрыққа қол қойды.
Тыйым автомобиль, теміржол және су көлігімен импортқа қатысты.
Бұйрық жобасы 14-28 наурыз аралығында «Ашық заңды тұлғалар» порталында талқыланды. Құжаттың түсіндірме жазбасында 2023 жылы дәнді дақылдардың жалпы түсімі 17,1 млн тонна (оның ішінде 12,1 млн тонна бидай) болатыны көрсетілген. Сонымен қатар, азық-түлік корпорациясы 350 мың тонна жемдік астықты тікелей сатып алды. Демек, ішкі нарықта жеткілікті резерв бар. Бірақ Ресейден арзан астық әкелу жалғасуда, сол себепті ел ішінде сұраныс төмендейді.
«2023 жылы Ресей Федерациясынан бидай импорты 1,9 млн тонна болды, бұл 2022 жылғы деңгейден 31%-ға артық. ҚТЖ мәліметінше, қаңтар айында Ресей Федерациясынан теміржол арқылы 174 мың тонна бидай әкелінген, бұл 2022 жылғы деңгейден 35 пайызға артық. Сондай-ақ, импорттаушылар ай сайын әкімдіктер арқылы ҚТЖ-ға айына 500 мың тоннадан астам бидай импортына өтінімдер жоспарын ұсынады»,- деп атап өтті Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.
Министрлік түсіндіргендей, Ресейден астық әкелінуіне байланысты сапасыз бидай сату мәселесі ушығып тұр. Бұл қазақстандық диқандардың қаржылық жағдайына әсер етіп, 2024 жылғы егіс науқанына қауіп төндіреді.
Тыйым алты айға созылады. Онда бір ерекшелік қарастырылған – құс шаруашылығы мен ұн тартатын кәсіпорындардың қажеттіліктері үшін бидайды шетелден темір жол арқылы импорттауға болады, бірақ тек отандық өндіріс пен тұтыну үшін сатылмай-ақ.
2023 жылы Қазақстан астық сатудың «сұр схемаларын» жою үшін бидай импортына шектеулер енгізді. Бидайды транзитпен тасымалдауға тыйым қарашаға дейін күшінде болды.
Жаңалықтар
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады
- Трамптың ұлдары Қазақстанмен вольфрам өндіруге қатысты ірі мәміле жасады