«5:32» сериалы авторларынан моральдық шығын үшін 300 млн теңге талап етілді
Қазақстанда 1988-2010 жылдар аралығында орын алған қылмыс оқиғалары туралы «5:32» сериалы миллиондаған қаралымға ие болып, көрерменді қатты толқытты.
Алайда кейінірек қазақ жазушысы Асқар Жалдинов сериалдың кейбір эпизодтарында өзінің «Протоколдан тыс: Қазақстандағы аса маңызды қылмыстардың құпиялары» кітабының бір тарауынан плагиат көргенін айтты.
1 тамызда автор әйгілі сериал жасаушыларды сотқа берген. Атап айтқанда, «Salem Social Media» ЖШС-н, екі сценарист пен режиссерді.
Бір күн бұрын Алматыда сотқа дайындық бойынша жиын өтті.
- Асқар Жалдинов мырзаның нақты талаптары бар. Біріншісі – Асқар Жалдинов мырзаның авторлық құқығын көпшіліктің мойындауы, екіншісі – ақшалай сома түріндегі шығын мен моральдық шығынды өтеу, - деді жазушының өкілі Батыр Адайбаев.
Жазушы 300 млн теңге көлемінде моральдық шығын, ал авторлық құқықты бұзғаны үшін - 15 мың АЕК - шамамен 45,5 млн теңге өтемақы сұрайды.
Сериал жасаушылар талап арызда құқықтардың қай жерде бұзылғаны нақты көрсетілмегенін алға тартып, өздері тарапынан заң бұзушылықтар жоқ деп отыр.
- Бұл фактілер нақты қылмыстық істерде сипатталған. Яғни, бұл элементтердің, қаһармандардың, кейбір сюжеттердің жасалуында шығармашылық үдеріс жоқ. Әрбір шығармашылық адамы еліміздің қылмыстық тарихының мән-жайлары мен фактілеріне сүйене отырып, қандай да бір шығармашылық өңдеуді қолдануға және жасауға құқылы, - дейді Salem Social Media және Әлішер Утевтің өкілі Наталья Наповалова.
Асқар Жалдинов өкілдерімен бірге «5:32» сериалының сценарийін ұсынуды сұрады. Олардың ойынша, талдау барысында кітаптағы материалдардың шын мәнінде пайдаланылғаны белгілі болады. Жауапқа тартылған тарап қарсылық білдірді: олардың айтуынша, түсірілім барысында сценарий өзгереді, ал талдауға арналған соңғы нұсқасын, яғни сериалдың өзін қоғамдық игіліктерден табуға болады.
Нәтижесінде сот өтінішті қабылдап, сценарийдің түпнұсқасын беруге міндеттеді. Енді тараптарды алдағы кездесулер күтіп тұр және бұл процесс сериялға деген қызығушылықты арттыратыны анық.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық