52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді

cover Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Сенат дәлізінде пойызда 52 адамның газға улануына қатысты көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.

Өз сөзінде министр 2025 жылдың желтоқсан айында пойызда болған оқиғаға қатысты жаңа ақпарат берді.

«Жекеменшік вагонмен келісім болған. Ал ол вагонда жылу болмағандықтан, олар көмірқышқыл газын бөлетін жылыту жүйесін орнатқан. Қазір тергеу аяқталып, вагон иелері жазаға тартылады. Онда тікелей заңбұзушылық бар, бірақ мұның бәрін заң аясында дәлелдеу керек. Бұл вагон рейстен алынды», – деді Нұрлан Сауранбаев

Айта кетейік, Алматы-2 теміржол вокзалында 52 адам табиғи газдан уланып қалған болатын. Оның ішінде 10 бала ауруханаға жатқызылды. Оның екеуі жансақтау бөліміне түсті. Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілген болатын.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар