50 мың теңгелік диплом: Ақтөбеде колледж директоры құрықталды
Фото:Orda.kz
Ақтөбеде сот студенттерге дипломдық жұмыстарды емін-еркін сатып келген колледж директорына үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Студенттерге дипломдық жұмыстарды сатқан әйел 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Гүлбану Тәкішева Ақтөбе гуманитарлық-техникалық ALT колледжінің директоры, ол өткен жылдың көктемінде Антикордың тергеуіне ілікті. Мәлім болғандай, түлектер дипломдық жұмыстар үшін 50 мың теңгеден төлеген. Колледж директорының орынбасары бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоға шағым түсіргеннен соң барлығы анықталды.
Қылмыстық іс қыркүйек айында сотқа түсті, сот процесінде оқу орнының басшылығы мен оқытушылары куәгер ретінде сөз сөйледі. Прокурор Тәкішеваға 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Мемлекеттік айыптаушы бұл қылмыс ауыр санатқа жататынын және қоғамға зиян келтіретінін мәлімдеді. Тергеу нұсқасына сәйкес, Тәкішева қызметтік өкілеттігін пайдаланып, түлектерден «жалпы қамқорлық» үшін қорқыту арқылы ақша жинаған. 2024 жылдың наурызында ол сырттай оқитын студенттерге дипломдық жұмыстары үшін 50 мың теңгеден төлеу керектігін хабарлаған 30 мың теңге оқытушыларға, ал 20 мыңы өзіне арналған. Заңсыз алынған жалпы қаражат 2 млн 470 мың теңге.
Нәтижесінде сот оны қылмыстық кодексінің 253-бабы 4-бөлігі, яғни «коммерциялық пара беру» бойынша кінәлі деп тауып, 2,5 жылға бас бостандығын айыру үкімін шығарды. Сонымен қатар, қосымша жаза ретінде оған жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбек өтеу міндеттелді. Сондай-ақ, колледж директоры дипломдық жұмыстарды сату арқылы алған 2 миллион теңгені мемлекет кірісіне аударуы куерек. Дегенмен ол сот үкіміне келіспейтінін мәлімдеді.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр
- Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға
- Тоқаев ТМД елдерімен радиация бойынша дерек алмасу туралы заңға қол қойды
- Израиль президенті Ицхак Герцог Қазақстанға ресми сапармен келді
- Сотталған блогер Жанәбіловтер амнистияға ілінуі мүмкін
- Астанада LRT-мен жүруге арналған жеңілдік картасын кімдер ала алады?
- Ерлі-зайыпты блогер Жанәбілевтерге сот үкімі шықты