50 мыңнан астам адам Тбилисидегі митингте Саакашвилиді босатуды талап етті
Тбилисидің орталығындағы алаңға 50 мыңнан астам адам жиналып, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиді босатуды талап етті.
Бұл туралы Orda.kz «Грузия-Онлайн» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Акцияға аймақтардан бірнеше ондаған мың адам келді. Кейбір мәліметтер бойынша, митингке 70-80 мың адам жиналды.
Акция «Мтавари» оппозициялық арнасының бас директоры және Саакашвилидің адвокаттарының бірі Ника Мелияның Саакашвилидің хабарын оқығанынан басталды. Экс-президент ел жұртшылығын татуласуға және бірігуге шақырды. Сондай-ақ, ол оппозицияны 30 қазанда «Ұлттық қозғалыс» кандидаттарына дауыс беруге шақырды. Олар 1 қазанда жергілікті сайлауда дауыс беру нәтижесінде Грузияның барлық ірі қалаларында екінші турға шықты.
«Адамдар өте көп келіп жатыр. Мен мұндай адамдар тобын ешқашан көрмеген сияқтымын. Көптеген адамдар 35 жастан асқан. Зейнеткерлер де көп», – деп жазды қолданушы Twitter-ге оқиға орнынан.
Пайдаланушының айтуынша, митинг аптаның басында өткізілуі керек еді. Бірақ ол Батумидегі қайғылы жағдайға байланысты кейінге қалдырылды.
Таңертең олигарх Иванишвили шошқа түрінде бейнеленген парақшалар бүкіл қала бойынша қабырларға ілінді. Парақшаларда оппозиция бейнесімен сайтқа апаратын qr коды болды.

Иванишвили, қолданушы жазғандай, жеккөрушіліктің ортақ нысаны болып табылады. Өйткені оның ресми түрде «Грузин арманына» (билеуші партия) ешқандай қатысы жоқ. Бірақ іс жүзінде оған ешкім сенбейді.
Естеріңізге сала кетейік, Саакашвили 1 қазанда Тбилисиде ұсталды. Содан бері ол руставия түрмесінде жазасын өтеп жатыр. Соңғы сегіз жыл ішінде – Грузияда болмаған кезде Саакашвили екі рет сырттай сотталып, алты жылға бас бостандығынан айрылды.
Грузияға оралcа ұсталып, қамауға алынатындығына қарамастан, экс-президент қазіргі билік – «Грузин арманы» партиясымен күресетіндігін айтты. Саакашвили өзін саяси тұтқын деп санайды, ол тұтқындалғанына наразылық білдіріп, аштық жариялады.
Жаңалықтар
- Ажырасқандардың жеке сот орындаушы ақысын екі жақтап төлеуі — Конституцияға қайшы
- ӘЧ–2026: Бельгия G тобында жеңіске жетті, Иранның тағдыры кейінірек шешіледі
- Мектепке жөндеу жүргізілмесе де 78 млн теңге төлеген шенеуніктер жазаланды
- Астанада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
- Жетісу облысындағы тасжолда түнгі жол апаты болып, бес адам қаза тапты
- Алматыда неге жарық жиі өшіп, бағдаршамдар істемей тұр?
- БҰҰ: Есірткінің жаңа түрлері нарықты жаулап барады
- Бітім жайына қалды: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды
- ӘЧ-2026: Алғашқы екі аптада турнирге 3,6 миллион көрермен келіп, рекорд жаңартты
- Тоқаев әскерге шақыру, ант қабылдау және запасқа шығару рәсімдерінің жаңа тәртібін жариялады
- Екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 млн теңге қарыз жинаған тұрғын жазаланды
- Тарихи сәт: Мәжіліс соңғы отырысын өткізді
- Қазақстан Иран портында жерді жалға алып, мұхитқа шығуды жоспарлап отыр
- Ұлттық футбол құрамасы Талғат Байсуфиновтың орнына жаңа бас бапкер іздеп жатыр
- Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот екінші шілдеде басталады
- Жер телімін алып беремін деп 33 адамды алдаған маман сотталды
- ҚР СІМ: Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді
- Астанада Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың денесі жер қойнына тапсырылды
- Қазақстандықтар енді БАӘ-де жүргізуші куәлігін оңай айырбастай алады