5 жылға созылған Лиза Пылаеваның ісі: айыпталушылардың бәрі ақталды
Фото: freepik.com
Алматыда алты жасар Лиза Пылаеваның қазасы бойынша сот талқылауы аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында марқұм Лиза Пылаеваның ісі бойынша айыпталушыға үкім шықты.
Лиза Пылаеваның өлімі бойынша тергеу шамамен бес жылға созылды. Судья Бәкірбаев Лизаның әпкесі Ольга Шмакованы, әжесі Леонарда Рыжакованы және үй қызметшісі Ухтаб Махмудовты кінәсіз деп таныды. Сонымен қатар Ольга Шмакованы үйқамақтан шығару туралы үкімді оқыды.
Алматы сотының баспасөз қызметі жағдайға пікір білдірді.
“Сот отырысында тағылған айып расталмады. Іс бойынша кісі өлтіру фактісін растайтын куәгерлер немесе басқа куәлар жоқ. Сотталушылар тергеуде де, сот талқылауында да өз кінәларын мойындамай, тұрақты көрсетпе берді. Олар қыздың, ауланың артқы жағында, мүсіннің астынан ес-түссіз жатқан күйде табылғанын көрсетті. Қызғаныштан кісі өлтіру себебі – болжам және тергеуде дәлелденбеген», деп мәлімдеді сот.
Еске салайық, Лиза Пылаева 2019 жылы нағашыларының үйінде жұмбақ жағдайда қаза болған.
Сот Елизавета Пылаеваның жұмбақ өліміне қатысты сот процесіне қатысқан сарапшыны ақтау үкімін жойған.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді