«5 жігіт есірткі беріп, зорлаған»: Ақтауда бойжеткен өзіне қол жұмсады
Фото: Instagram/ nemolchikz_official
Ақтауда тұрмыс құрмаған жас қызды 5 жігіт зорлап, есірткі берген. Әрі оның атына несие рәсімдеген, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ақпарат nemolchikz_official инстаграм парақшасында тарады. Оқиға 2024 жылдың мамыр айында болған. Ал 2024 жылдың соңында марқұм қыздың туыстары сот шешіміне келіспейтінін айтып, дау шығарды.
Бойжеткен спортпен айналысып, фитнес - жаттықтырушы болып қызмет атқарған. 14 мамыр күні түнде жұмыстан қайтып бара жатқан қызды бір топ ер адам көлікке қинап отырғызған. Оған мефедрон беріп, қызды көлік ішінде зорлаған. Зорлаушылардың бірінің баласы бар, отбасылы жігіт екені анықталды. Қызды таңға дейін зорлаған жігіттер, оның телефоны арқылы 2 млн теңге несие рәсімдеп, қалталарына басқан. Зорлаушылардың бірі қызды қалаға алып келіп, болған оқиғаны біреуге айтса «өлтіретінін» ескерткен.
Бойжеткен болған оқиғаны құрбысына айтады. Ал құрбысы барлық жағдайды дереу оның ағасына жеткізген. Қыздың ағасы оған хабарласып, полицияға арыз жазу керегін, істің соңына дейін жанында болатынын айтып қолдау білдірген. Қыз келіскендей болған. Бірақ бірнеше минуттардан кейін қыз құрбысының көзінше терезеден секіріп, мерт болды.
Енді жазықсыз мерт болған қыздың туыстары сот шешіміне келіспейді.
Бас ұйымдастырушыға прокурор өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған. Қалған төртеуі 15-16 жылға сотталуы керек еді.
Прокуратура оларды зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, есірткі заттарын қолдануға көндіру, есірткі заттарын заңсыз пайдалану, заңсыз бас бостандығынан айыру, адам ұрлау, бопсалау баптарымен айыптады.
Бірақ судья Досетов Инятулла сот процесінде айыптауларды қайта жіктеді.
Судья қыздың өлімін зорлықпен байланыстырмады. Ол өлімнің зорлық болғаннан кейін 3 күн өткен соң болғанын алға тартты. Қыздың өзі терезеден секіріп, мерт болғанын айтты. Қыздың отбасы апелляциялық шағым түсірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық