«5 жастағы қызын зорлаған әке»: Енді жәбірленушіге атасы күн көрсетпей жүр
Фото: freepik.com
Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында атасынан қорлық көріп жүрген отбасы туралы айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Адвокаттың мәліметінше, Алматы облысындағы ауылдардың бірінде әкесі 5 жастағы қызын 7 жасына дейін зорлаған. Оны әйелі көріп қалып, ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Өз қызын зорлаған әке 20 жылға бас бостандығынан айырылады. Бірақ ер адамның әкесі келіні мен немерелерін үйден қуып шыққан. Оның айтуынша, келіні ұлына жалған жала жауып, қаматып жіберген.
«Asar-Ume» қоры бұл отбасына үй алып береді. Кейін атасы немерелерін көру құқығын пайдаланып, оларға шындыққа жанаспайтын әңгімелер айтып, мазасын алған.
«Біз сондай ауыр жағдайды бастан кештік. Ең сорақысы күйеуімнің қызын зорлағаны болды. Ол сотталды. Бірақ оның әкесі болған жағдайға мені кінәлап отыр. Оның айтуынша, бәрін мен ұйымдастырып, оны жалған жаламен қаматып жіберген екенмін. Енді перзенттерімді еркінен тыс алып кетіп, оларға мені жамандаумен болады. «Аналарың кінәлі, ол баламды қаматты» дейді. Бірақ балалар бәрін анық біліп тұр. Сол үшін атасымен жолыққысы келмейді. Ол балалардың қарсылығына қарамайды», - дейді жәбір көрген қыздың анасы.
Ләззат Рақышева ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мен Бас прокуратурадан осы істі қолға алуды өтінді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық