5 млн теңге алимент төлемеген БҚО тұрғыны жұмысқа жіберілді
Фото: rg.ru
Заң талаптарына қарамастан, алимент төлеу мәселесі өзекті болып қала береді. Әрбір алиментші баланы асырау міндеттеріне бейқам қарайды, деп хабарлайды БҚО соты.
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 139-бабында көзделген "балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке жарамсыз ата-аналарды, еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асырауға қаражат төлеуден жалтару" қылмысты жасады деген айып бойынша қылмыстық істі қарады.
"Сот істі қараған кезде сот бұйрығымен кәмелетке толмаған үш баланы асырап-бағуға олардың кәмелетке толғанға дейін ай сайын табыстың және (немесе) өзге де табыстың барлық түрлерінің 1/2 бөлігі мөлшерінде алимент өндіріп алынғаны анықталды. Алайда сотталушы оларды төлеуден жалтарып, берешекті өтеу үшін шаралар қолданбаған, жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа мұқтаж адам ретінде жүгінбеген және жұмыссыз ретінде тіркелмеген. Сонымен қатар, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда С. өз міндеттемелерін орындамады, балаларды асырауға алимент төлеуден жалтаруды жалғастырды. Бүгінгі таңда алимент бойынша берешек 5 097 236 теңге болды", – деді сот.
Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған белгілі бір шектеулер белгіленіп, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, бір жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды