5 елдің қорғаныс министрі Ақтауда бас қосты
Фото: қорғаныс министрлігі
Ақтауда «Бірлестік-2024» халықаралық оқу-жаттығуына қатысушы елдердің қорғаныс министрлері түрлі әскери нысандарды аралады.
Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.
Министр Руслан Жақсылықов Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген әріптестеріне қазақстандық бөлімшелердің жауынгерлік даярлық мүмкіндіктерін таныстырды.
Сапар Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің зымыран-артиллериялық кемесінен басталып, қонақтарға кеменің жауынгерлік мүмкіндіктері мен міндеттері көрсетілді. Одан кейін, делегациялар сүңгуір орталығында болып, жауынгерлік жүзушілерді дайындауда қолданылатын қару-жарақ пен техникалық құралдарды қарап шықты.
25744 әскери бөлімінде министрлерге теңіз жаяу әскерлерін жаттықтыруға арналған тренажерлар көрсетілді. «Оймаша» полигонында олар әскери қызметшілерді орналастыру және тамақтандыру жағдайымен танысты.
Сапар соңында министрлер «Батыс» жедел қолбасшылығы әскерлерінің біріккен тобын басқару орталығында болып, оның мүмкіндіктерімен және оқу-жаттығудың тұжырымдамасымен танысты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық