«5 баланың әкесі»: Түркістанда 16 жылдық өтілі бар мұғалім оқушы қызға қол жүгіртті
Фото: Бейнеден кадр
Түркістан облысында оқушыға азғындық жасады деген күдікпен мектеп мұғалімі қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жаға ұстатарлық жағдай Қазығұрт ауданында болған. Ата-анасы педагогтың шәкіртін түн ішінде көлігіне отырғызып, айдалаға алып барғанын айтты. Ал оны естіген өзге мұғалімдер 14 жастағы қызға тіс жармауды бұйырып, қорқытқан көрінеді. Осыдан кейін мектепке барудан қалған қыз соңғы тоқсанды үйден оқуға мәжбүр болыпты.
Гүлжауһан Медетбекова үш айдан бері қызын тергеуші мен психологқа тасумен жүр. Наурыз айында кенжесін мұғалімі түн ішінде шақырып, азғындық жасаған дейді. Шымкентте серуендеуді ұсынған ұстазға оқушы өз еркімен шығыпты. Сөзіне сендім деген жеткіншек ешкімнен де сұранбаған. Бірақ педагог жолға шыққасын бағытты өзгеріп, қоқыс толы бейтаныс аумаққа алып барыпты.
«Мен сені жақсы көремін» деп сөзі өзгере бастады. Содан соң құшақтап, сүйіп, көкірегімнен, санымнан ұстады. Сол кезде қолын қайтардым. Машинадан алыстау жерде болған. Не істеп жатқанын білмеймін. Теріс қарап тұрған. Машинадан түсіп, бірдеңе болып қалмасын деген ой болды менде. Сосын мен өзім машинадан түстім. Әрі қарай үйге жақын бірінші қиылыстан тоқтаған еді. Үйге бара жатсам, үйдің жарығы жанып тұр. Үйдегілер мені іздеп жатыр екен», — дейді оқушы қыз.
Қызын іздеген ата-ана полицияға арызданып, оқушы жағдайды тергеушілерге мәлімдепті. Осыдан кейін 14 жастағы қыз мектепке барудан да қалған. Өйткені «мектеп мұғалімдері қызымды қорқытты» дейді Гүлжауһан Медетбекова.
«Бұлар қазір өздерін қорғап, ағайларын қорғап, директорын қорғап жатыр. Өздерін өздері қорғай беретін болса, сонда оқушылар қайда қалды?! «Біздің екі-үш апай ертең жұмыстан босайын деп тұр. Сен мамаң мен папаңа әр нәрсені айта берме. Бәрібір ертең оқитын мектебің ғой» деген әңгіме айтқан. Менің түсінігімше ол қорқытқанға жатады», — деді қыздың анасы.
Жұмысшы ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп директоры ұстаз бен шәкірт арасындағы жағдайды жоққа шығармады. Сөзінше 8-сынып оқушысы сабаққа мұғалімдер қысымынан емес, сыныптастарынан алшақтап келмей қойған.
«Біраз көмек қажет ана қызға. Педагогикалық, психологиялық көмек қажет. Сол бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Қазір жұрттың бәрі біліп отыр. Мектептегі құрбы-құрдастары да біліп отыр. Сондықтан жұрттан алшақтау ұстайды өзін. Қыркүйектен бастап қалыпты жағдай болған соң оқуға тартамыз», — деді мектеп директоры Досбол Жамалов.
Мектеп оқушысына қол жүгірткен мұғалім 16 жылдан бері дене шынықтыру пәнінен сабақ берген екен. 5 бала тәрбиелеп отырған 38 жастағы әке қазір қамауға алынды. Оның үстінен «кәмелет жасына толмаған жасөспірімге жыныстық емеурін таныту» бабы бойынша іс қозғалған.
Еске салайық, Түркістан облысында мектеп оқушысын зорлап, кейін анасы мен қызын өлтірген ер адам өмір бақи бас бостандығынан айырылған еді.
Автор: Назерке Еркінбекқызы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық